“Меломен” вокалдық – аспаптық ансамблі – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


“Меломен” вокалдық – аспаптық ансамблі

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің “Меломен” вокалдық – аспаптық ансамблі (бұдан әрі-ВАА) музыкалық, аспаптық, вокалдық дағдыларды дамытуды, Аспаптық – орындаушылық жұмысты үйлестіретін, бірлескен мәдени-демалыс қызметін жүзеге асыратын университет студенттерінің ерікті шығармашылық бірлестігі болып табылады.

ВАА студенттердің музыкалық қабілеттері мен орындаушылық мүмкіндіктерін анықтауға және дамытуға арналған.

ВАА қатысушылары шығармашылық әлеуетін дамытуға ниет білдірген студенттер болып табылады.

ВАА қатысушылары университеттің барлық мәдени іс-шараларына, түрлі деңгейдегі конкурстарға белсенді қатысады.

Мақсаттары: студенттердің шешім қабылдау және олар үшін жауапкершілік қабілеттерін дамытуға бағытталған жалпы құзыреттіліктерін қалыптастыру;

– Студенттерге эстетикалық тәрбие беру, көркемдік талғамды қалыптастыру және жетілдіру, шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу, аспаптық өнер мен орындау туралы тұтас түсінік негізінде орындаушылық мәдениетті қалыптастыру.

Міндеттері:

– Рухани-адамгершілік және шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу;

-Студенттердің шығармашылық әлеуетін іске асыру, университет студенттерінің адамгершілік, мәдени, шығармашылық дәстүрлерін сақтау және дамыту үшін жағдай жасау;

– ВАА – ға қатысушы студенттердің вокалдық-орындаушылық өнер жанрындағы білім мен дағдыларды игеруі;

– Жастарды музыкалық мәдениетке баулу, заманауи және классикалық шығармаларға музыкалық талғамды қалыптастыру;

– Студенттік ұжымды біріктіру, шығармашылық іске асыру процесінде ынтымақтастық пен өзара көмек рухын қолдау;

– Университет студенттерінің шығармашылық қабілеттерін көрсету.