• Әскери кафедра

    Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің әскери кафедрасы

    Заңды мекенжайы: 030019, Ақтөбе, Маресьев көш, 72-үй.
    email:vk@zkmu.kz
    тел. 8 (7132) 54-16-92, факс 8 (7132) 56-04-09.

    Әскери кафедраға қабылдау ережесі: Әскери кафедраға қабылдау ережелері «Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидалары» туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі №375 бұйрығымен бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР ҚМ 2020 жылдың 19 қазанындағы №534 бұйрығымен бекітілген.ҚР ҚМ анықтаған қабылдау жоспарына сәйкес іріктелген студенттермен ЖОО-да алатын жоғары кәсіптік білімдері негізінде әскери кафедрада запастағы офицерлер бағдарламалары бойынша әскери – есептік мамандықтардан даярлық ұйымдастырылады және жүргізіледі.Студенттердің әскери даярлығы қосымша оқыту түрі болып табылады және теориялық және тәжірибелік оқу курстарынан, студент жігіттер үшін оқу-жаттығу жиынынан, ал студент қыздар үшін кәсіби тәжірибе алудан тұрады.Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлық ақылы және ақысыз түрде жүзеге асырылады. Іріктеу комиссиясы ұсынған КЕАҚ «М.Оспанов атындағы БҚМУ» студенттері ақысыз негізде оқу үшін, ал Ақтөбе қаласының басқа ЖОО студенттері ақылы түрде оқуға тартылады.Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының азаматтары, әскери даярлыққа тартылатын жылы жасы 24 жастан аспаған, сотталмаған, тек оқытудың күндізгі түрінде оқитын студенттер ғана жіберіледі.Оқуға іріктеу конкурсы келесі үш кезеңде жүзеге асырылады:
    1) бірінші кезең – әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық тексеру өту;
    2) екінші кезең – кәсіби-психологиялық тестілеу өту;
    3) үшінші кезең – дене шынықтыру даярлығын тексеру.Құжаттарды қабылдау және конкурстың бірінші кезеңін өткізу әскери кафедрада ұйымдастырылады. Екінші және үшінші кезеңдерді іріктеу комиссиясы өткізеді. Конкурстың әр кезеңінен тек бір рет қана өтуге рұқсат етіледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген студент келесі кезеңге жіберілмейді.
    Әскери кафедрада келесі әскери-есептік мамандықтар бойынша оқыту жүргізіледі:
    – «Құрлық әскерінде медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру»;
    – «Жер үсті артиллерия бөлімшелерін бөлімдері мен құрамаларын жауынгерлік қолдану»;
    – «Зымыран әскері және артиллерия бөлімшелері, бөлімдері мен құрамаларын жауынгерлік қолдану»;
    – «Құрлық әскерінде идеологиялық және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру»;
    – «Аумақтық қорғанысты ұйымдастыру және жоспарлау».


    Басшылық туралы мәлімет


    Әскери кафедра жетекшісі
    зап. м/қ подполковнигі Габдрахманов Кибадат Сатович
    Білімі: жоғары
    Бітірді: 1984 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институті.
    1986ж. Томск мед.институты жанындағы әскери – медицина факультеты
    2019 жылдан бастап міндетін аткаруда

    Әскери кафедра жетекшісінің орынбасары
    зап. м/қ полковнигі Самбаев Кайрат Стаханович
    Білімі: жоғары
    Бітірді: 1984 ж. Ақтөбе мемлекеттік медицина институті, 2004ж. РФ ҚМ Әскери – медицина академиясы
    2019 ж. бастап міндетін аткаруда

    Тарихи анықтама 
    Ақтөбе мемлекеттік медицина институты әскери кафедрасы 1957 жылы құрылды. Сол өткен уақыттан бері кафедра 901000 ӘЕМ бойынша он мыңнан астам жоғары білікті медициналық қызметтің запастағы офицерлерін даярлады. Кәзіргі таңда кафедраның көптеген түлектері ҚР ҚК медициналық қызметінде әр түрлі басшылық қызметтер атқаруда.ҚР ҚК Бас штаб бастығының 1999 жылдың 23 ақпанындағы №49 бұйрығына сәйкес әскери кафедра базасында Ақтөбе қаласының басқа жоғары оқу орындары студенттерінен «Армиялық және корпустық артиллерия бөлімшелері, бөлімдері және құрамаларын жауынгерлік қолдану» ӘЕМ мамандығы бойынша запастағы офицерлерді даярлау ұйымдастырылды.ҚР ҚК Бас штаб бастығының 2001 жылдың 10 наурызындағы №59 бұйрығы негізінде әскери кафедрада 2001 – 2010 жылдар аралығында «Артиллериялық бөлімше командирлерінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасарлары» ӘЕМ бойынша запастағы офицерлерді даярлау жүргізілді.2004 жылдың 5 наурыздағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің №94 және 2004 жылдың 20 ақпанындағы Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрінің №132 бұйрықтары талаптарына сәйкес «Марат Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы» Республикалық мемлекеттік қазына кәсіпорынының әскери кафедрасы Ақтөбе қаласы «жоғары оқу орындарына ортақ кафедра» мәртебесіне ие болды.ҚР Қорғаныс Министрінің 2007 жылдың 29 маусымындағы №188 бұйрығы негізінде 2009 жылдың тамыз айына дейін ҚР ЖОО түлектерінен кадрлық офицерлерді даярлау жүргізілді.Әскери кафедрада қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген оқу сыныптары, оқу ғимараты, саптық плац, оқу тактикалық алаңы, атыс қалашығы, қойма бөлмелері орналасқан. Сонымен қатар, қарсылас және өз әскерлері нысаналарын, атыс, снарядтар жарылысын дыбыс және лазер сәулесі арқылы көрсететін, жергілікті компьютерлік байланыс жүйесі арқылы басқарылатын, жер бедерінің тактикалық макеттері, шағын артиллериялық және кіші жалпыәскери полигондар бар. Бөлімнің медициналық оқыту ротасы, медициналық мүліктің табельдік жинақтары, ПМ атыс қаруынан атыс жаттығуларын орындауға мүмкіндік беретін лазерлік және интерактивті тир бар.

    30238 әскери бөлімінде кафедрада оқитын студенттердің запастағы офицерлерді дайындау бағдарламасына сәйкес оқу-жаттығу жиыны өтеді. 

    Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында жыл сайын Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен интернационалист жауынгерлермен әскери кафедра студенттерінің кездесулері ұйымдастырылып тұрады. Сонымен қатар Ақтөбе қаласының мұражайларымен мектептерінде студенттермен оқушыларға әскери-патриоттық шаралар өткізіліп тұрады.

    Әскери кафедра командасы 2015 және 2016 жылдары «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысты. 2016 жылы медициналық жоғары оқу орындары командалары арасында М.Оспанов атындағы БҚММУ әскери кафедра  командасы бірінші жүлделі орынға ие болды.