• 24aebac85c8160cc42523705e6336a39
    IMG-20220527-WA0061
    DSC_9400
    DSC_8110
    IMG_20220204_092136
    жолдау
    previous arrow
    24aebac85c8160cc42523705e6336a39
    IMG-20220527-WA0061
    DSC_9400
    DSC_8110
    IMG_20220204_092136
    жолдау
    previous arrow
    next arrow
    next arrow
    Shadow

    Білім беру

    Рейтинг және аккредиттеу

    Ғылым және зерттеу

    Талапкерге

    Баспасөз қызметі

    «МедArt» студенттік-жастар театры

    «МедArt» студенттік жастар театры 2016 жылы құрылды. Театр қызметінің мақсаты сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көзалдында актерлер күшімен бейнелейтін өнер тұлғасын тәрбиелеу, студенттердің өнер туралы, оның қыр – сыры мен әлеуметтік маңызы жайлы түсініктерін байыту.

    photo5229157678729769816

    Театр студенттердің эстетикалық қызығушылықтарын, талғамын, музыкалық танымын кеңейту, жүйелі сөйлеу, кез келген пайда болған жағдайға шығармашылық көзқарас қалыптастыру, өзіндік жұмыстануы арқылы көркем өнер қажеттіліктерін дамыту мақсатында жұмыс жасайды. «МедArt» студенттік жастар театры жүйелі тапсырмалар беру арқылы ізденуге үйрету, шығармашылық жұмыстар жүргізу және қарым – қатынас мәдениеті арқылы өзін – өзі тәрбиелеуге ықпал жасайды.

    DSC 2551

    2016 жылы Ақтөбе облысында өткен «Жаңа сахна» облыстық байқауынан Гиоргий Хугаевтің «Қара шекпен» драмасы бойынша бас жүлде, 2017 жылы Көкшетау қаласында «Мельпомена-2017» республикалық байқауында аталған қойылыммен 1-ші орындарға ие болды. 

    IMG20181206200112

    «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жабал Ергалиевтің «Жетім тағдыр» драмалық қойылымы және облысымыздың Тахауи Ахтанов атындағы драма театры сахнасында Мұқағали Мақатаевтың «Қош, махаббат» қойылымы қойылды. Осы уақыт дейін университет қабырғасында түрлі қойылымдар қойылып келеді. Атап айтатын болсақ Дулат Исабековтың «Әпке» қойылымы, режиссері университетіміздің студенті Айбазар Нұрталап.

    DSC 2266
    DSC 2549