ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 11-желтоқсанда №822 “Жоғары білім беру ұйымдарында сапа менеджменті жүйесін жасау және ендіру туралы” бұйрығын орындау мақсатында университет ректорының 2005 жылғы 18 қаңтардағы №12 бұйрығымен білім беру сапасын мониторингілеу басқармасы құрылды.
Сапа менеджменті жүйесін жасау, ендіру және даярлауға байланысты университет ректорының 2005 жылғы 28-желтоқсандағы №584 бұйрығымен білім беру сапасын мониторингілеу басқармасы сапа қызметі болып қайта құрылды. 18.08.2017 ж. ректордың №12/4-1-17/489 бұйрығымен сапа қызметі сапа менеджмент жүйесінің бөліміне ауыстырылды.
Марат Оспанов атындағы БҚМУ Директорлар кеңесінің 06.02.2023 ж. шешімімен сапа менеджмент жүйесінің бөлімі сапа менеджмент жүйесінің қызметі болып аталды.
Сапа менеджмент жүйесі қызметінің жұмыскерлері:
- Ермуханбетова Нуржиян Даленовна-жетекші
- Шанбай Алтынай Жұмабайқызы-маман
- Кубекова Гульнара Уразгалиевна-маман
- Аметова Дина Усмановна -маман
Сапа менеджмент жүйесі қызметінің міндеттері ИСО 9001-2015 Халықаралық стандарт ұсыныстарының негізінде анықталады:
- сапа бөлімі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
- сапа Саясаты мен Мақсаттарын дайындау;
- сапа Саясаты мен Мақсаттарын әрбір қызметкерге жетуін қамтамасыз ету;
- сапа менеджментін ХС ИСО 9001:2015 талаптарына сәйкес қолдап отыруды қамтамасыз ету;
- ішкі аудиторларды ХС ИСО 19011 стандарт талаптарын ескере отырып іріктеу;
- сапа менеджменті жүйесін ішкі тексерудегі жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау;
- ПРО БҚМУ 802-22 сәйкес университеттің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысындағы сәйкессіздіктерді анықтау;
- ПРО БҚМУ 803-22сәйкес түзету әрекеттерін жасау;
- сапа менеджменті жүйесі үдерістерінің өзара әрекеттестігін талдау;
- сапа менеджменті жүйесі құжаттарының жасалу, келісілу, бекітілу және таратылуын ұйымдастыру;
- университеттің құрылымдық бөлімшелеріндегі жазбалардың жүргізілуін бақылау;
- сәйкессіз өнімдерді басқару үдерісін бақылау;
- түзету әрекеттерінің жүргізілуін бақылау;
- сапа менеджменті жүйесін сертификаттау сұрақтары бойынша сыртқы ұйымдарымен байланыс жасап отыру;
- жоғары оқу орнын халықаралық және білім беру бағдарламаларын аккредиттеуге дайындық кезінде өзін-өзі бағалау жұмысын ұйымдастыру;
- жоғары оқу орны қызметі мен білім беру бағдарламаларына постаккредиттеу мониторингін өткізуді ұйымдастыру;
- жоғары оқу орнының рейтингін өткізуді ұйымдастыру.