• Әлеуметтік-психологиялық қолдау бөлімі

    2016 жылдың қараша айында университет ректоры Е.Ж.Бекмұханбетовтың бастамасымен Ж.А.Кадырова жетекшілік еткен ( 2016-2018) әлеуметтік-психологиялық қолдау бөлімі құрылды.
        Бөлімнің құрылуының негізгі мақсаты ЖОО студенттері мен қызметкерлеріне жан-жақты әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету болып табылады.
    2018 жылдан бастап қазіргі таңға дейін бөлім жетекшісі болып – А.Е.Наженов тағайындалды.
       Әлеуметтік-психологиялық қолдау бөлімінің басты міндеттері:
    • студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамды психологиялық сүйемелдеу, психикалық денсаулық мәселесін ескерту және психологиялық алдын алу
    • әлеуметтік тұрғыда әлсіз топ студенттерін сүйемелдеу
    • салауатты өмір салтын насихаттау
    • ЖОО-ның оқу топтарында және қызметкерлер ұжымында әлеуметтік-психологиялық ахуалды жақсарту
    • ЖОО қызметкерлері арасында кәсіби күйіп кету мен эмоциялық таусылудың алдын алу
    • студенттердің әлеуметтік дамуы үшін жағымды жағдай жасау
    • студенттерге психологиялық жеңілдену мен релаксацияға бағытталған сапалы демалыс ұйымдастыру
       Әлеуметтік-психологиялық қолдау бөлімінің базасында Y-PEER орталығы жұмыс істейді. Орталықтың негізгі міндеті жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау, сондай-ақ ерте жүктілік пен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу болып табылады. YPEER-орталық барлық студенттер мен студенттік бірлестіктерге тақырыптық іс-шаралар өткізу үшін және бос уақытты өткізу үшін қолжетімді.