• 24aebac85c8160cc42523705e6336a39
    IMG-20220527-WA0061
    DSC_9400
    DSC_8110
    IMG_20220204_092136
    жолдау
    previous arrow
    24aebac85c8160cc42523705e6336a39
    IMG-20220527-WA0061
    DSC_9400
    DSC_8110
    IMG_20220204_092136
    жолдау
    previous arrow
    next arrow
    next arrow
    Shadow

    Білім беру

    Рейтинг және аккредиттеу

    Ғылым және зерттеу

    Талапкерге

    Баспасөз қызметі

    Ғылыми -практикалық орталық

    1967 жылы Ақтөбе мемлекеттік Медицина институтында орталық зерттеу зертханасы құрылып, оның жетекшісі Юрий Николаевич Карленко болды.

    1975 жылы орталық зерттеу лабораториясын м.ғ.к., доцент Совет Ажаевич Ажаев басқарды.

    1980 жылы орталық зерттеу орталығында, орталық ғылыми-зерттеу лабораториясы ашылды (ОҒЗЛ).Орталық ғылыми-зерттеу зертханасының құрамында 4 ғылыми тобы бар – иммунология, патоморфология, биохимия, радиоизотоп және ғылыми жұмыстар құрылды.Ғылыми зерттеу орталығының базасында 250-ден астам әр түрлі саладағы қызметкерлер ғылыми зерттеулерді жүргізді.

    1976 жылдан 1999 жылға дейін орталық зерттеу зертханасын(1980 жылдан орталық ғылыми зерттеу зертханасын) басқарған м.ғ.к. Тлеухан Бегалиевич Бегалин (қазір эпидемиология кафедрасының доценті).

    1980-1984 жылдары аралығында Ғылыми зерттеу орталығы және профессорлық- оқытушылар құрамы ғылыми зерттеу жұмыстарын орындады. «Қоршаған ортадағы хром және хром қоспалар әсерінен ластанған, Ақтөбе обылысындағы халық денсаулығын нығайтып және сақтауға үндеу беру» тақырыбы орындалды.

    1980-1990 жылдары институт ұжымының зерттеу жұмыстары сол кездегі аса үлкен экологиялық жағдайды шешуге бас қосты.

    1999 жылы Ғылыми зерттеу зертханасын м.ғ.д. Серик Жумабаевич Сахиев (қазіргі кезде хирургия кафедрасының профессоры) басқарған.

    1999 жылдан 2000ж дейін директорлық қызметін м.ғ.к. Болат Самиевич Нажимов атқарған.2000-2003 жылдары орталық ғылыми зерттеу зертханасында Мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарлама орындалды. «Феталды терапияның көмегімен жетіспейтін коррекцияны әртүрлі органға және жүйеге ойлап табу». 2000 жылдың қараша айынан бастап 2008 жылға дейін ОҒЗЛ директоры, ал 2006 жылы Ғылыми орталық (ҒО), м.ғ.к. Чуканова Галина Николаевна басқарды (қазір фармакология кафедрасының доценті).

    2006 жылдың қаңтарында ОҒЗЛ, Ғылыми орталыққа ауысты (ҒО), ал 2008 жылдың қараша айында Ғылыми – практикалық орталық болды (ҒПО).Ғылыми практикалық орталығы құрылғаннан бері 150 докторлық және кандидаттық диссертация, 2000-нан астам ғылыми жұмыстар орындалып, 50-ден астам патент алынды.

    2008 жылдың қараша айынан 2013 жылға дейін ғылыми-практикалық орталықтың жетекшісі м.ғ.к. Кибатаев Козы Мурзаханович болды (қазір визуальді диагностика кафедрасының доценті).

    Әр жылда орталық ғылыми зерттеу зертханасында еңбектері сіңген Жумагалиева Галия Даутовна (қазір м.ғ.к.), О.М. Курмангалиев (қазір м.ғ.д., профессор), Будчанов Юрий Иванович (қазір м.ғ.к., доцент, Тверь медицина университетінде жұмыс істейді), Омаров С.Д. (м.ғ.к.), Синицкая Зоя Федоровна (б.ғ.к.,доцент), Т. Султанов (м.ғ.к., Марат Оспанов атындағы БҚММУ профессоры), Шайхимов Еркін Шайхимович (м.ғ.к., Марат Оспанов атындағы БҚММУ профессоры), Аристенко Виктор Григорьевич (м.ғ.к., доцент), м.ғ.к. И.Н. Насыров, м.ғ.д. Б.В. Засорин, ғ.қ. Сламбаева С.А., аға лаборант С.У. Бекбусинова, С.Н. Насыров, лаборант Г.М. Багимбаева, Б.М. Койшибаева, Т.И. Пестрякова, Т.К. Еримбетова, З.Е.Сабыргазиева.

    2013 жылдың ақпан айынан бастап ҒПО жетекшісі м.ғ.д., доцент Светлана Калиуллаевна Саханова.

    2013 жылдан бастап ҚР ДСМ және ҒБМ қаржыландыруымен бағдарламалық-мақсаттық және гранттық ғылыми-техникалық бағдарламаларға ҒПО қызметкерлері қатысады.

    ҒПО құрамында молекулалық-генетикалық, санитарлық-гигиеналық, молекулалық биология және жасуша зертханалары бар.

    Молекулалық-генетикалық зертханасы – ауру тудыру қаупіне байланысқан, генетикалық маркерлерді зерттеу, қолданылатын дәрілік заттардың терапиясын, болжамын және тиімділігін анықтау, белгілі жұқпалы және вирустық ауруларды анықтау жұмыстарын орындайды.

    Санитарлық-гигиеналық зертханасында – зертханалық- аспаптық өлшеулер және қоршаған және биологиялық ортаның факторларына физикалық және химиялық анализдер жүргізіледі.

    Молекулалық биология зертханасы – заманауи технологияларды қолдану арқылы молекулалық-биологиялық зерттеулерді (ақуыз, РНҚ, ДНҚ) жүргізеді.

    Жасуша зертханасы – заманауи әдістер (Аклидес, ағынды цитометр және т.б.) көмегімен жасушалық құрылымдарды зерттеу.

    Ғылыми зерханалардың мақсаттары бюджеттен тыс қорлар және ҚР ДСМ және ҒБМ программасына сәйкес жүргізілетін жұмыстарды қаржыландыратын, патологиялық жағдайдың модулін жетілдіру жөніндегі жоспарлы ғылыми-зерттеу жұмыстарын және емдеу мен диагностика әдістерін қолдану болып табылады.



    а.ғ.қ Бердгалеева А.К. және лаборант Сагинбаева Б.


    ғ.қ Мулдыкешева А.Ж. және
    қ.ғ.қ Изденова Н.Р.

    а.ғ.қ Заваленная О.И., жетекші Саханова С.К. және лаборант Батирова С.М.
     
    а.ғ.қ Сырлыбаева Л.М. және
    ғ.қ Смағұлова Д.Б
     
    Виварий меңгерушісі Кусанова Е.И және виварщик Жумагазина Г.

    Іс жүргізуші И.Қ.Өтеш

    ҒПО вивариймен қамтылған – әртүрлі лабораториялық жануарларды күтіп ұстау, ППС, магистранттар, докторанттар, студенттердің зертеу жұмыстарын жүргізу үшін. Зерттеу процессіне әртүрлі эксперименталды жануарлармен қамтамасыз етуге виварии қызметкері Абрамченко Анна Афанасьевна, Мильберте Генриета Георгиевна, Г.Б. Медиева, Ерекешева А., Тлеубергенова Н., Махамбетова Т.А. үлкен үлесін қосты.
    2001-2013 жылға дейін Маржан Мырзабаевна Бердыбекова вивариге жетекшілік етті (қазір зейнеткер). 2013 жылдың қазан айынан бастап виварий жетекшілік етті Елена Ивановна Кусанова. Виварий жануарлар күтіміне Г.Жумагазина қарайды.

    Ғылыми-практикалық орталық

    Актөбе қ., Маресьев көшесі, 74

    тел. 8 (7132) 54-41-24


    ҒПО жетекшісі

    медицина ғылымдарының докторы, доцент

    Светлана Калиуллаевна Саханова

    E-mail: sakhanova68@zkmu.kz

    Молекулярлы-генетикалық зертханасының

    аға ғылыми қызметкері

    Оксана Владимировна Заваленная

    Молекулярлы-генетикалық зертханасының

    аға ғылыми қызметкерібиология ғылыми кандидаты, доцент

    Айман Кажигалеевна Бердгалеева

    Санитарлы-химиялық зертханасының

    ғылыми қызметкері

    Алия Жусуповна Мулдыкешева

    Санитарлы-химиялық зертханасының

    кіші ғылыми қызметкері

    Назгуль Рамазановна Изденова

    Жасуша зертханасының

    кіші ғылыми қызметкері

    Перизат Жақсыбайқызы Айтмағанбет

    Жасуша зертханасының

    кіші ғылыми қызметкері

    Наргиз Наримановна Нариман

    Молекулярлы биология зертханасының

    аға ғылыми қызметкері

    Ляззат Максатовна Сырлыбаева

    Молекулярлы биология зертханасының

    ғылыми қызметкері

    Дания Бауыржанқызы Смағұлова

    Виварий меңгерушісі

    Елена Ивановна Кусанова