Тілдер кафедрасы

Тілдер кафедрасының тарихы 

Тілдер кафедрасы бүгінгі таңда қазақ, орыс және шет тілдері курсынан тұрады. Ол құрылған күннен бастап көптеген ұйымдастырушылық қайта құруларды бастан кешірді. Өткенге көз жүгіртсек, тілдер кафедрасының тарихын төмендегідей көрсетуге болады:1957 жылы, яғни АММИ болып негізі қаланған кезде шет тілі кафедрасы болып қалыптасты. Оның алғашқы меңгерушісі, әрі негізін қалаушы Т.Журенкова болды. 1958 жылдан бастап 1977 жылға дейін кафедраға В.Пищик басшылық етті, 1978 жылдан 1980 жылға дейін И.Федяев, ал 1980 жылдан 2002 жылға дейін С.Махамбетова басқарды да кейін кафедра шетел тілдері курсы болып қайта құрылды. 1970 жылдың мамыр айынан бастап латын және орыс тілдері кафедрасы ұйымдастырылды да, оның алғашқы меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Н.Петров 1975 жылға дейін, ал 1975 жылдан бастап Е.Агапов басшылық жасады. Кафедрада орыс және латын тілдері жүргізілді. Кейін 1989 жылы оның базасында екі кафедра құрылды: Е.Агапов басқарған латын тілі кафедрасы және аға оқытушы Р.Шанова басқарған орыс тілі кафедрасы.
1987 жылдан бері қарай латын және орыс тілдері кафедрасында қазақ тілі де жүргізіле бастады. Ал 1989 жылдан бастап п.ғ.к., доцент Н.Бериков басқарған өз алдына дара қазақ тілі кафедрасы бой көтерді. 1997 – 2000 жылдар аралығында кафедраны Б.Ербатыр, кейін 2007 жылға дейін ф.ғ.к. К.Кондыбай басқарды. 1995 жылдың қыркүйек айынан бастап латын тілі кафедрасы мен орыс тілі кафедрасы қайта бірігіп, латын және орыс тілдері кафедрасы атауымен аталды. Кейінгі қайта құрулар нәтижесінде барлық тілдерді жүргізу бірыңғай тілдер кафедрасына ауыстырылып, оның құрамына қазақ тілі курсы, орыс тілі курсы, шетел тілдері курсы және латын тілі курсы енді (2018 ж. қыркүйек айынан бастап латын тілі курсы жабылды).
2017 жылдың тамыз айына дейін біріктірілген аталмыш кафедраны ф.ғ.к., доцент, университеттің профессоры Е.Агапов басқарды. 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап тілдер кафедрасын Г.Алдашева басқарады. Тіл пәндері бойынша жауаптылар: қазақ тілі бойынша – магистр, аға оқытушы Сабитбекова М.М., орыс тілі бойынша – магистр, аға оқытушы Абдиргазиева А.Б., шет тілдері – аға оқытушы Канлыбаева А. 

654fghj

Тілдер кафедрасының ұжымы



Жетекші

tyuijm

Мустояпова Алтынгүл Сарсенқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап жетекшілік етіп келеді. Ғылыми басылымдары 55 мақалалар мен 8 оқұ құралын (1-оның ҚР БжҒМ РОӘС ұсынған), 1-ғылыми-публицистикалық жинағын шығарған. 10 мақала ВАК, Sсоpus, Wed of Science халықаралық рецензияланатын журналдарында 3 мақала басылым көрді. Мустояпова А.С. кадрларды кәсіби даярлау саласындағы жетістіктері үшін 2009 жылғы “Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы” атағы берілді, көптеген дипломдар, алғыс хаттармен мараппаталды: ҚР БҒМ “Құрмет грамотасы”, Ұлттық тестілеу орталығы, Ақтөбе облысының әкімі, университет.

hkjkm

Тілдер кафедрасы (2020 жыл)

Қазақ тілі курсы

ҚАЗАҚ ТІЛІ КУРСЫНЫҢ ТАРИХЫ Қазақ тілі пән ретінде 1989 жылдан бастап латын және орыс тілдері кафедрасының құрамында оқытыла бастады.1989 жылдың желтоқсан айында латын және орыс тілдері кафедрасы үш дербес кафедра болып құрылды:а) латын тілі және медициналық терминология кафедрасы (каф.меңгерушісі доцент Е.Н.Агапов).ә) орыс тілі кафедрасы (каф. меңгерушісі аға оқытушы Р.Б.Шанова).б) қазақ тілі кафедрасы (каф. меңгерушісі доцент Н.Б.Беріков, 1997 жылға дейін басқарды).1997-2000 жылдары қазақ тілі және әлеуметтік ғылымдар кафедрасын аға оқытушы Б.Ө.Ербатыр басқарды. 2000-2007 жылдар аралығында тілдер кафедрасына ф.ғ.к., аға оқытушы Күлшат Әбдіғанымқызы Қондыбай жетекшілік етті. 2007 жылдан кафедраны ф.ғ.к., профессоры Евгений Николаевич Агапов басқарды.Қазіргі таңда қазақ тілі курсы тілдер кафедрасының құрамына кіреді. Қазақ тілі курсына жауапты – қазақ тілі мен әдебиеті магистрі, аға оқытушы Сәбитбекова Майраш Мұратқызы.

ҚАЗАҚ ТІЛІ КУРСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

kaz1

Сәбитбекова Майраш МұратқызыКурс жетекшісі, аға оқытушы, қазақ тілі мен әдебиеті магистрі. Қарағанды мемлекеттік университетін 1991 жылы «Филолог. Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген, сол жылдан кафедрада жұмыс жасайды. Мемлекеттік тілді орыс бөлімінің студенттеріне оқыту бойынша 30-ға жуық оқу-әдістемелік мақалалары республикалық және облыстық баспасөз беттерінде жарық көрген. Университет ректорының, Ақтөбе қаласының әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған. ҚР ДСМ «Үздік тіл оқытушысы-2018» республикалық конкурсының жеңімпазы. Университет терминтобының мүшесі. 5 оқу құралының авторы. 2017 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру институтында «Қазақ тілі» мамандығы бойынша, 2017 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің базасында «Зерттеуші және ғалым» модулі бойынша медициналық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктіліктерін жоғарылату бойынша тренерлердің базалық курсы» модулі бойынша педагогикалық біліктілігін арттырды. 2018 жылы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Астана медицина университетінде болды. 2019 жылы ҚР ДСМ «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 

J3655HGVH

Утаргалиева Шұға Шаденқызы – аға оқытушы, филология магистрі. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген. Кафедрада 2009 жылдан жұмыс жасайды. Мемлекеттік тілді орыс бөлімінің студенттеріне оқыту бойынша бірнеше оқу-әдістемелік мақалалардың авторы. Университет терминтобының хатшысы. «Жыл кураторы – 2014» байқауының Бас жүлдегері, «Жыл кураторы – 2016» байқауының ІІІ орын иегері. Бірлескен авторлармен 2 оқу құралы жарық көрді. 2018 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті базасында «Пәнаралық байланыс көптілді оқытудағы интегративтік тәсілді жүзеге асыру ретінде» біліктілікті жетілдіру курсынан өтті. 2019 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру институтында «Қазақ тілі» мамандығы бойынша мамандық бойынша біліктілікті жетілдіру курсынан өтті.

FG12553

Молдашева Лиза Жұмабайқызы – оқытушы, филология магистрі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Мамандығы – «Филолог. Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы». Кафедрада 2010 жылдан жұмыс жасайды. Бірнеше оқу-әдістемелік мақалаларымен республикалық, халықаралық конференцияларға қатысқан. Мемлекеттік тілді орыс бөлімінің студенттеріне оқыту бойынша бірнеше оқу-әдістемелік мақалалардың авторы. Бірлескен авторлармен 1 оқу құралы жарық көрді. 2018 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті базасында «Пәнаралық байланыс көптілді оқытудағы интегративтік тәсілді жүзеге асыру ретінде» біліктілікті жетілдіру курсынан өтті. 2019 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру институтында «Қазақ тілі» мамандығы бойынша мамандық бойынша біліктілікті жетілдіру курсынан өтті.

DF236265

Қожабекова Жұлдыз Қазиханқызы – оқытушы, филология магистрі. Республикалық, облыстық баспасөз беттерінде бірнеше мақалалары жарық көрген. «Жыл кураторы – 2015» байқауының Бас жүлдегері. Облыс әкімінің 2016 жылғы «Жас Ақтөбе» сыйлығының «Әдебиет» номинациясы бойынша иегері. Облыс, Қала әкімдерінен бірнеше рет Алғыс хат алған. Бірлескен авторлармен 2 оқу құралы жарық көрді. 2017 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру институтында «Қазақ тілі» мамандығы бойынша мамандық бойынша біліктілікті жетілдіру курсынан өтті. Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты. PhD докторант, диссертациялық жұмыс тақырыбы «Қазақстанның Батыс өңіріндегі айтыс дәстүрі» (2018-2021жж.)Абишова Лаззат Ануаровна – лаборант. Білімі – жоғары. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген. Университетте 2008 жылдан жұмыс жасайды. Кафедраның негізгі қызметіОқу-әдістемелік жұмыс Қазақ тілі курсында 6В10107 «Жалпы медицина», 6В10105 «Стоматология», 6В10101 «Қоғамдық денсаулық сақтау», 6В10104 «Фармация» мамандықтарының І және ІІ курстарына «Қазақ тілі» және 5В130200 «Стоматология», 5В110300 «Фармация» мамандықтарының ІІІ курстарына «Кәсіби қазақ тілі» пәндері оқытылады.Кафедра оқытушылар оқу процесін типтік бағдарламаларға сай құрылған оқу-жұмыс жоспарлары бойынша жүргізеді. Барлық оқу-әдістемелік материалдар ҚР МЖМБС-қа сай. Оқытудың тиімді жолдарын игеру мақсатында өзара сабаққа ену, баспа беттерінде іс-тәжірибелерімен бөлісу, ғылыми-әдістемелік конференцияларға қатысу сияқты жұмыс түрлерін жүргізеді. Курс оқытушылары TBL, CBL инновациялық әдістері бойынша сабақтар жүргізіп, оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша 10 ендіру актісін алып, бес оқу құралын жарыққа шығарды: «Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша СӨЖ тапсырмалары» (Сәбитбекова М.М., Абдуллина Л.Н.), «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу негіздері» (Сәбитбекова М.М., Утаргалиева Ш.Ш.), «Фармация» мамандығының студенттеріне арналған Қазақ тілі (Сәбитбекова М.М., Бекнияз Ж.А.), кредиттік технология бойынша оқитын студенттер үшін Қазақ тілі (курс оқытушылары) және курс оқытушыларының бірлескен авторлығымен орыс бөлімінің студенттеріне арналған «Қазақ тілі».«Батыс Қазақстан медицина журналына» және «Қазақстанның өмірі мен ғылымы» журналдарына курс оқытушылары өз іс-тәжірибелері туралы мақалаларын беріп тұрады. 2016 жылы оқытушы Ж.Қ.Қожабекованың «Медициналық мәтіндердегі қазақ тілінің көрінісі» және аға оқытушы М.М.Сәбитбекова мен Ж.Қ.Қожабекованың «Болашақ медицина мамандарына қазақ тілін оқытудағы TBL әдісінің тиімділігі» тақырыбындағы мақалаларын жарық көріп, ҚР Әділет министрлігінің авторлық куәлігін алды. Курста барлығы 10 авторлық куәлік бар.Курстың аға оқытушысы, қазақ тілі мен әдебиеті магистрі М.М.Сәбитбекова ҚР ДСМ ұйымдастырған «Мәңгілік ел – Қазақстанның кемел болашағы» республикалық ІІ байқауға қатысып, «Үздік тіл оқытушысы» номинациясы бойынша төсбелгімен марапатталды.Ғылыми-зерттеу жұмысыБарлық оқытушылар оқу үдерісінде ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүргізуге белсенді түрде қатысады. «Медициналық терминология жүйесіндегі полиплеттік белгілеулер («Полиглот» оқу сөздігін құрастыру)» тақырыбында (Мемлекеттік тіркеу № 0116 РК 00488) ғылыми зерттеу жұмысы аяқталды. Қазіргі таңда «Шетел студенттеріне арналған ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде тілашар құрастыру» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілуде, жұмыстың мақсаты – қазақ және орыс тілдерін білмейтін адамдарға іскери және туристік саяхат барысында көмектесу.Курста 2011-2012 оқу жылынан бастап «ӨРКЕН» студенттердің ғылыми-зерттеу үйірмесі жұмыс жасайды. Үйірме жұмысы барысында студенттер түрлі пікірталастар, мәнерлеп оқу кештерін өткізіп, мәнжазбалар қорғайды. Үйірме мүшелері 2014, 2015 жылдары университет қабырғасында өткен студенттердің республикалық ғылыми-практикалық конференциясында филология секциясы бойынша І, ІІІ орындар және Алғыс хаттар иеленді. 2015 жылы Қарағанды қаласында өткен «Көптілділік жоғары білім беру контексінде» республикалық ғылыми-практикалық конференциясында медицина-профилактикалық факультеттің 2 курс студенті Махамбетова Зәмзәгүл «Студенттер тілінде кездесетін жергілікті ерекшеліктер» тақырыбында баяндама жасап, жүлделі ІІ орынға ие болды. 2019 жылдың қыркүйегінде «Жалпы медицина» мамандығының ІІ курс студенті Жасанов Р.А «Ғаламтор лингвистикасының семиотикалық жүйесі» тақырыбында халықаралық студенттердің ғылыми-практикалық симпозиумында баяндама жасап, жүлделі ІІІ орынға ие болды (Ғылыми жетекшілері Утаргалиева Ш.Ш., Сабитбекова М.М.)Тәрбие жұмысыСтуденттерге патриоттық, эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие беру мақсатында кафедрада мерекелік күндерге орай дәстүрден тыс сабақтар жиі өткізіледі. Кафедра құрылғаннан бері Наурыз мейрамы, Тәуелсіздік күні, Жеңіс күніне арналған апталықтар өткізу дәстүрге айналған. Апталықтар барысында студенттер өздері дайындаған материалдар бойынша жыр кештерін, дөңгелек үстелдер, пікірталастар, өнер сайыстарын өткізеді. Кәсіптік бағдар беру мақсатында мектеп оқушылары мен студенттердің кездесулері өткізіліп тұрады. Қарттар күні мен Халықаралық балаларды қорғау күндеріне орай облыстық қарттар мен мүгедектер интернат үйіне және «Үміт» сәбилер үйіне қайырымдылық шараларын ұйымдастырады. Жатақханада «Кафедра күнін» өткізу дәстүрге айналған.Қазақ тілі пәнінің оқытушылары көптеген жылдар бойы кураторлық жұмысты да жүргізеді. Студенттермен мұражайларға, көрмелерге, театрларға бару топ кураторлары жүргізетін тәрбие жұмыстарының бір бөлігі ғана. Курс оқытушысы Ш.Ш.Утаргалиева 2014 жылы университетішілік байқауда «Жыл кураторы – 2014» атанса, 2015 жылғы осындай сайыста оқытушы Ж.Қ.Қожабекова «Жыл кураторы – 2015» атағын жеңіп алды.Курс оқытушылары өз іс-тәжірибелері туралы республикалық және облыстық баспасөз беттерінде жариялап тұрады, телеарналардың бағдарламаларына жиі қатысады. 

DFG22562202

Қазақ тілі курсы 2020 жыл

kaz3

Кафедра мәжілісі. 2010 жыл.Тілдер кафедрасы (2020 жыл)

Орыс тілі курсы

Кадрлық құрамыОқу-әдістемелік жұмысҒылыми-зерттеу жұмысыТәрбиелік және қоғамдық жұмыс


ОРЫС ТІЛІ КУРСЫ ЖОО-да орыс тілін оқыту 1970 жылдың мамыр айынан бастап жүзеге асырылды, ол кезде латын және орыс тілдері кафедрасы ұйымдастырылған болатын. 1989 жылдың желтоқсан айында өз алдына орыс тілі кафедрасы болып ұйымдастырылды. Кафедраны Абай атындағы АПИ түлегі аға оқытушы Райля Бакиевна Шанова басқарды – ол қайратты, жігерлі, мақсатты, жұмысқа шығармашылық көзқарасы бар адам.1995 жылдың қыркүйегінде бөлімшелерді қайта ұйымдастыру нәтижесінде орыс тілі кафедрасы жаңадан ұйымдастырылған латын және орыс тілдері кафедрасының құрамына енді де, оны ф.п.к., профессор Агапов Е.Н. басқарды.

l145slk

Филология ғылымдарының кандидаты,профессор Агапов Евгений Николаевич Орыс және латын тілдері курстарының бөлектенуінен кейін орыс тілі курсына жауапты Р.Б. Шанова болды, ал 2003 – 2010жж. аға оқытушы Биржанова С.И. болды.2010 ж. бастап 2012 ж. дейін курсқа жауапты гуманитарлық ғылым магистрі, аға оқытушы Абдиргазиева А.Б. болды.2012 жылдың қыркүйек айынан бастап 2017 жылдың тамыз айына дейін орыс тілі курсын гуманитарлық ғылым магистрі, аға оқытушы Алдашева Г.Б. босқарды, ал 2017 ж. қыркүйегінен бастап орыс тілі курсына гуманитарлық ғылым магистрі, аға оқытушы Абдиргазиева А.Б. қайта тағайындалды.Мақсаты:– Студенттерді орыс тілінде еркін сөйлеуге үйрету, тәрбиелік іс-шаралар арқылы ой-өрісін кеңейту;- Оқытушылардың кәсіби-педагогикалық біліктілігін арттыру және оқу үрдісіне жаңа инновациялық әдістерді енгізу.Міндеттері:-ЖОО-да кәсіби білім берудің инновациялық әдістерін зерттеу және игеру;- Оқытушылардың ғылыми-педагогикалық зерттеулерін жүзеге асыру;- Оқытудың жаңа әдістері негізінде оқыту сапасын арттыру;-Шебер-кластар өткізу;- Электрондық және оқу-әдістемелік құралдар түрінде жарияланымдар шығару.Функциялары– Семинарларға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу, курстарда оқу;- Ашық сабақтар, шебер-кластар өткізу, оқу-әдістемелік құралдарды жетілдіру.- Курс оқытушылары жыл бойы ғылыми жұмыстармен айналысады. Республикалық, халықаралық конференцияларға белсене қатысады, ғылыми мақалалар жариялайды, студенттердің ғылыми жұмысына басшылық жасайды.БІЗДІҢ АРДАГЕРЛЕР МЕН ӘРІПТЕСТЕРОрыс тілі курсының ұжымы болашақ дәрігерлерді даярлауда жинақталған тәжірибе мен үздік дәстүрлерді сақтайды және дамытады.Орыс тілінің алғашқы оқытушылары:-ҚазМУ түлегі Л.А.Полякова;-Орынбор педагогикалық институтының түлегі Н.В.Овсянникова.Алғашқы оқытушылардың арқасында кіші курс студенттеріне оқу-тәрбие жұмысының негізі қаланды. Жыл сайын университет кеңейіп, сандық және сапалық жағынан нығая түсті: профессорлық-оқытушылар құрамы артып, студенттер саны өсті.70-жылдардың басында кафедрада қызмет атқарды: К. Пусырманова, В.П. Макарова, Р.Б. Шанова, ал 1989ж. Л.А. Полякова, С.Г. Акчалова, С.И. Биржанова, Н.Ф. Ткачёва, Г.С. Медеубаева, Н.В. Овсянникова жұмыс жасады.Курстың жарты ғасырлық тарихы белгілі педагогтар Качалова Светлана Галиевна, Біржанова Светлана Исмагуловнаның есімдерімен тығыз байланысты.Соңғы 15-20 жыл ішінде біздің университетте көптеген талантты орыс тілі пәнінің педагогтары жұмыс атқарды, әрқашан студенттер жүрегіне жол таба білді. Жарқын із қалдырған осындай оқытушылардың ішінде мыналарды атап өтуге болады: Уразбаева Мансия Турсынгалиевна, Барлыбаева Зауре Жолшибековна, Дербисалина Алтынай Куанышевна, Давлетова Дидар Амангельдиевна, Утебаева Гульжан Кадыргалеевна, Азимбаева Жанат Амантаевна, Кулмухамбетова Гульназ Конырбаевна, Биданова Алия Аманжоловна. Бүгінде әр кезеңнің түлектері оларды үлкен ризашылықпен еске алады. Олар ең жоғары атақтарға, марапаттарға және шексіз құрметке лайық.Оқытушылар Давлетова Д. А., Утебаева Г. К., Азимбаева Ж. А., Биданова А. А. қазіргі уақытта Нұрсұлтан мен Қарағанды қалаларының жоғары оқу орындарында жұмыс атқарады және БҚМУ ұжымымен тығыз байланысты сақтайды. 

1

 Орыс тілі курсының ұжымы 2017ж.

Шет тілдер курсы

Шет тілдер кафедрасы 1957 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институты құрылғаннан бері жұмыс атқарып келеді. Тілдер кафедрасының алғашқы меңгерушісі – оқытушы Т.И. Журенкова болды.1958 жылы шет тілдер кафедрасының меңгерушісі қызметіне Мәскеу әскери шет тілдер институтының түлегі, Ұлы Отан соғысының қатысушысы В.А. Пищик тағайындалды.

inostr566

1959 жылы шетел тілдері кафедрасына латын тілі кафедрасы қосылды. Кафедрада үш шет тілдері (ағылшын, неміс және француз), орыс және латын тілдері оқытылды. В.А. Пищик 1977 жылға дейін кафедраны басқарды. Осы кезеңде төмендегідей оқу құралдары жасалып шығарылды: «Лингвистикалық емес университеттің студенттеріне арналған белсенді лексиканың минималды сөздігі», «Ағылшын тіліндегі белсенді жалпы медициналық лексиканың минималды сөздігі», «Ағылшын тіліндегі тақырыптық мәтіндер мен диалогтар жинағы», «Неміс тіліндегі тақырыптық мәтіндер мен диалогтар жинағы», «Француз тіліндегі тақырыптық мәтіндер мен диалогтар жинағы»,«Ағылшын тіліндегі тақырыптық мәтіндер мен диалогтар жинағы».

inostr996

1981 жылдан 2010 жылға дейін шет тілдер курсын С.Б. Махамбетова басқарды. Республикаға медициналық кадрларды дайындаудағы көп жылғы адал еңбегі үшін доцент С.Б. Махамбетова «Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Ісінің Үздігі» төсбелгісімен марапатталды.Қазіргі уақытта курстың профессорлық-оқытушылық құрамы филология ғылымдарының кандидаты, педагогикалық, шет тілдер және гуманитарлық ғылымдар магистрларынан тұрады.Аға оқытушылар К.Қ. Ерменова, Г.Р. Абушахманова, Г.К. Мирманова адал еңбегі және университетіміздің студенттерін оқыту мен тәрбиелеуге лайықты үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің ректорының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Курстың аға оқытушысы К.Қ. Ерменова 2020 жылы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

inostr666
inostr7963

Шет тілдер курсының ұжымы көптеген оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізуде: медициналық университеттің шет тілін оқымаған 1-2 курс студенттеріне арналған ағылшын және неміс тілдерінде оқулықтар, әр түрлі әдістемелік нұсқаулар, барлық факультеттердің орыс және қазақ бөлімдерінің 1-3 курс студенттеріне арналған әдістемелік құралдар жасап шығарды, тест тапсырмалары құрастырылып, іске асырылды және студенттердің білімін рейтингтік бағалау жүйесі енгізілді. Шет тілдер курсы жыл сайын 1-2 курс студенттерімен шет тілінде тақырыптық конференциялар өткізеді.Курс оқытушылары жыл сайын инновациялық технологияларды қолдана отырып, ашық сабақтар өткізеді. Курста магистратурадағы, докторантурадағы медициналық мамандықтар бойынша студенттерге шет тілі оқытылады. Курстың профессорлық-оқытушылар құрамы үздіксіз кәсіби даму мақсатында мамандық бойынша білімі мен дағдыларын жетілдіруде. Филология ғылымдарының кандидаты Г.А. Дженалаева жоғары білімді жетілдіру мақсатында Қытайда (2007-2008), Ресейде (Уфа 2014, Санкт-Петербург 2017, Мәскеу 2018), Словенияда (2016, 2019), Швецияда (2019) біліктілігін арттыру курстарынан, педагогика ғылымдарының магистрі Л.С. Сыдық Ұлыбритания, Швейцария, Польша және Литва университеттерінде педагогикалық диагностика және білім сапасын басқару бойынша ғылыми тағылымдамалардан өтті. Шет тілдер курсының оқытушыларының ішінде Еуропа университеттерінде тағылымдамадан өткен «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары бар: гуманитарлық ғылымдар магистрі Л.Е. Егизбаева – Ұлыбританияда (Лондон, 07.07.14 – 07.11.14), педагогика ғылымдарының магистрлері А.С. Уркунова – Нидерландыда (Лейден, 01.10.13 – 25.12.13), Л.С. Сыдық – Швейцарияда (07.07.14 – 07.11.14).

inostr2
inostr8693

2019 жылы шет тілдер курсының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері күні мен Қазақстан Республикасының Жастар жылы қарсаңында «Білім конвергенциясы: дәстүрлер, ынтымақтастық, инновациялар» тақырыбында І Халықаралық жастар симпозиумы өткізілді. Жастар симпозиумының ұйымдастыру комитетіне Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті, Иерусалимдегі Еврей университеті, Нидерландыдағы Лейден университеті, И.М. Сеченов атындағы Мәскеу мемлекеттік медицина университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті, Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті, Баку мемлекеттік университеті кірді.

inostr8252
inostr19

 Курстың ғылыми-зерттеу жұмысы жыл сайын бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Курс оқытушыларының ғылыми басылымдары, енгізу актілері бар, ауызша және постерлі баяндамалармен облыстық, республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысуда, студенттердің ғылыми жұмыстарының жетекшілері және тең авторлары болып табылады.Курс оқытушылары кафедралық «Шетелдік студенттерге ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде тілашар сөйлеу құралын құрастыру» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуда. Кафедра доценті Г.А. Дженалаева Эразмус + CBHE «Қазақстандағы автономияға көшу/TRUNAK» жобасының және ағылшын тілі оқытушылары қауымдастығының (AELTA) мүшесі, «Шетелдік студенттерді бейімдеу және клиникалық пәндер оқытушылар құрамына ағылшын тілінде тілдік тәлімгерлік бағдарламасын оқыту» университетішілік ғылыми-зерттеу және дамыту бағдарламасының жетекшісі (2019-2021). Курс оқытушылары А.С. Уркунова және А.А. Купенова осы жобаның аға ғылыми қызметкерлері болып табылады.

inostr953
inostr114

 Педагогика ғылымдарының магистрі А.С. Уркунова 2019 жылы талантты жастарды жан-жақты қолдау жөніндегі «Елбасы» бастамасы аясында ұйымдастырылып, Ақтөбе қаласында өткен «Ел үміті» марафонына қатысып, ғылым саласындағы жетістіктері үшін марапатталды.Шет тілдер курсының тәрбие жұмысы кәсіби, азаматтық-отансүйгіштік, қоғамдық-саяси және құқықтық, рухани-адамгершілік, отбасылық тәрбиені, тұлғаның өзіндік дамуы және өзін-өзі танудағы қажеттілікті қалыптастыру, зияткерлік – шығармашылық деңгейді бақылау, белсенділікті арттыру, коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру, мәдени- эстетикалық құндылықтар мен қажеттіліктерді қалыптастыру, дене шынықтыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру, еңбек және экологиялық тәрбие бағыттарын қамтиды.

inostr145

Бекітілген жоспарға сәйкес, шет тілдер курсының оқытушылары университеттің тәрбие жұмысына белсенді қатысады. Курс оқытушылары «Жалпы медицина» факультеті және шетелдік топтардың кураторлары болып табылады. Олар түрлі университеттік, облыстық және республикалық іс-шараларға қатысып, тәрбиелік мәні зор шараларды, кездесулер, дөңгелек үстелдер мен экскурсияларды ұйымдастырады, қайырымдылық шараларға қатысады. Дәстүр бойынша, жыл сайын 1 қазан – Халықаралық қарттар күні қарсаңында Тілдер кафедрасының қызметкерлері қаржылай көмек көрсету мақсатында облыстық қарттар мен мүгедектер үйіне барады.

inostr15

Курстың оқытушысы әрі кураторы А.А.Купенова түрлі номинациялар бойынша «Жыл кураторы» байқауының жүлдегері. 2019 жылы ол «Жыл кураторы» атағын жеңіп алып, университет ректорының дипломымен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды, сонымен қатар, университет қызметкерлері арасындағы «Екі жұлдыз» шығармашылық байқауында Гран-при жүлдесіне ие болып, жеңімпаз кубогының иегері атанды және облыстық кәсіподақ комитетінен курорттық санаторийге жолдама алды. 

5656525888

 Көптеген жылдар ішінде шет тілдер курсы оқытушылары тек қана оқу, әдістемелік, ғылыми жұмыстарды ғана жасап қоймай, тәрбиелік қызметпен айналысатын ауызбіршілігі мол, жоғары білікті команда құрды.

inostr1

Шет тілдер курсының құрамыАйман Өтебайқызы Қанлыбаева – Шет тілдер курсына жауапты, аға оқытушы. 1989 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтында «Ағылшын және неміс тілдері» мамандығы бойынша білім алған. 2014 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде «Филология» мамандығы бойынша магистратураны аяқтап, гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесін алды. Университеттегі жұмыс өтілі – 22 жыл. 25 ғылыми басылымдары бар. Шет тілдер курсында оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысын атқарады.Гүлжана Айтжанқызы Дженалаева – филология ғылымдарының кандидаты (2018 ж., 10.02.04 – герман тілдері, «Самара Мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті»), PhD (бұйрық № 236 12.06.2020 ж., ҚР БҒМ КОКСОН, 6D021000 – Шетел филологиясы), тілдер кафедрасының доценті. 2005 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша, 2007 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратурасын бітірді. Университетте халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық, стратегиялық серіктестік, БҚМУ-нің халықаралық жобалары бөлімдерінің басшысы қызметін атқарды. Ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығының (AELTA) мүшесі болып табылады. Жалпы жұмыс өтілі – 17 жыл. 50-ден астам жарияланған ғылыми жұмыстардың авторы және тең авторы, Хирш индексі 1. Ғылыми қызығушылықтары: мәдени лингвистика, лингводидактика, психолингвистика.Күлянда Қалданқызы Ерменова – аға оқытушы. 1980 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтында «Ағылшын тілі» мамандығы бойынша білім алған. Университеттегі жұмыс өтілі – 34 жыл. 30-дан астам ғылыми басылымдары бар. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған. Курс, кафедра және университет деңгейінде оқу-әдістемелік, тәрбие, ұйымдастырушылық жұмыстарды атқарады.Галина КаспаевнаМирманова – аға оқытушы. 1986 жылы «Роман-герман тілдері, герман-филология» мамандығы бойынша Лейпциг университетінде білім алған. Университеттегі жұмыс өтілі – 32 жыл. 20-дан астам басылымдары бар, кредиттік технологиялар бойынша медициналық мамандықтардың 1-2 курсының студенттеріне арналған неміс тілінде 3 оқулық (қазақ және орыс бөлімдері үшін) және 1 енгізу актісі бар. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің құрмет грамотасымен марапатталған. Шет тілдер курсында оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысын орындайды.Галия РавильевнаАбушахманова – аға оқытушы. 1985 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтында «Ағылшын тілі» мамандығы бойынша білім алған. Университеттегі жұмыс өтілі – 33 жыл. 40-қа жуық ғылыми басылымдары бар. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің құрмет грамотасымен марапатталған. Шет тілдер курсында оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысын атқарады.Лениана Сыражқызы Сыдық. 2001 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде «Ағылшын тілі» мамандығы бойынша білім алған. 2017 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-ның «Шетел тілі: екі шет тілі» 6М011900 мамандығы бойынша магистратураны аяқтады. Университеттегі жұмыс өтілі – 19 жыл. Ұлыбритания, Швейцария, Польша және Литва университеттерінде педагогикалық диагностика және білім сапасын басқару бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми қызығушылықтары екінші тілді, когнитивтік лингвистика, CLIL методикасын меңгеру мәселелерімен байланысты.Ләззат Ержанқызы Егізбаева. 2007 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе МУ-де «Ағылшын және неміс тілдері» мамандығы бойынша білім алған. 2012 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе МУ-нің магистратурасын аяқтап, «Филология» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесін алды. Университеттегі жұмыс өтілі – 14 жыл. 10-нан астам ғылыми басылымдары бар. 07.07.2014-07.11.2014 ж. аралығында «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда (Лондон) шет тілін оқыту әдістемесі бойынша тағылымдамадан өтті. 2008 жылдан бастап №56 қалалық сайлау комиссиясының хатшысы қызметін атқарады. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе ӨМУ-де докторантурада оқиды.Бақытгүл Ұзақбайқызы Нұрсейтова. 2006 жылы Ақтөбе МПИ-да «Екі шет тілі: ағылшын және неміс тілдері» мамандығы бойынша білім алды. 2016 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе МУ-де магистратураны бітірді. «Филология» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі. Университеттегі жұмыс өтілі – 14 жыл. 7 ғылыми басылымдары бар.Айгүл Әлібекқызы Купенова. 2008 жылы Ақтөбе МПИ-да «Шетел тілі: екі шет тілі (ағылшын және неміс тілдері)» мамандығы бойынша білім алған. 2014 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе МУ-нің магистратурасын бітірді. «Филология» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі. ЖОО-дағы жұмыс өтілі – 13 жыл. Жыл сайынғы университетішілік Үштілділік бойынша олимпиаданың ұйымдастырушысы. 10-нан астам ғылыми басылымдары бар. Университетішілік ҒТЖ-ның аға ғылыми қызметкері. Тілдер кафедрасының тәрбие және сайт жұмыстарына жауапты, тәрбиелік іс-шаралардың ұйымдастырушы. «Ең үздік куратор» байқауының әр түрлі номинациялары бойынша лауреаты, 2019 жылы «Жыл кураторы» атағын жеңіп алды.Анара Серікқызы Уркунова. 2006 жылы Ақтөбе МПИ-да «Ағылшын және неміс тілдері» мамандығы бойынша білім алған. «Шет тілі» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі. Университеттегі жұмыс өтілі – 10 жыл. 20-дан астам басылымдары бар. «Болашақ» халықаралық президенттік бағдарламасының түлегі. 2013 жылдың 1 қазанынан бастап 2013 жылдың 25 желтоқсанына дейін DAAS (Dutch Academic Services) ICLON-Leiden University, Нидерланды, «Білім беру мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. Университетішілік ҒТЖ-ның аға ғылыми қызметкері. Жыл сайынғы университетішілік Үштілділік бойынша олимпиаданың ұйымдастырушысы. Елбасы бастамасы аясында ұйымдастырылған «Ел үміті» марафонының қатысушысы, ғылым саласындағы жетістіктері үшін марапатталған.Алмагүл Сағымбайқызы Акиева. 1993 жылы Ақтөбе МПИ-да «Ағылшын тілі» мамандығы бойынша білім алған. 2017 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе МУ-де магистратураны бітірді. «Филология» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі. Университеттегі жұмыс өтілі – 12 жыл. 6 ғылыми басылымы бар.Гүлмира Абибуллақызы Нургалиева. 2005 жылы Ақтөбе МПИ-да «Ағылшын тілі» мамандығы бойынша білім алған. 2016 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе МУ-де магистратураны бітірді. «Филология» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі. Университеттегі жұмыс өтілі – 8 жыл. 5 ғылыми басылымы бар.Динара Даулетқызы Даулетова. 2012 жылы Ақтөбе МПИ-да «Екі шет тілі: ағылшын және неміс тілдері» мамандығы бойынша білім алды. 2014 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе ӨМУ-нің магистратурасын бітірді. Гуманитарлық ғылымдарының «Филология» мамандығы бойынша 6M020500 магистрі. Университеттегі жұмыс өтілі – 8 жыл. 10-нан астам басылымдары бар. Әр түрлі тәрбиелік іс-шаралардың ұйымдастырушысы және қатысушысы. 6 жыл бойы шетелдік студенттер топтарының кураторы болып табылады.Марина Ықласбайқызы Нұрмағамбетова. Шет тілдер курсының аға лаборанты. 2004 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе МУ-де білім алған. Университеттегі жұмыс өтілі – 7 жыл. Мамандығы – хатшы-көмекші, ағылшын тілін білетін құжат маманы.Алия Әкімжанқызы Тілеужанова. Шет тілі курсының лаборанты. 2013 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде білім алған. Жұмыс өтілі – 6 жыл.Эльмира Мәлікқызы Құлмұхамбетова. Шет тілі курсының лаборанты. “Тарих және құқық” мамандығы бойынша Ақтөбе педагогикалық институтында білім алған. Жұмыс тәжірибесі 30 жылдан астам.