Неврология, психиатрия және наркология кафедрасы туралы

«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің» КеАҚ неврология кафедрасы 1961 жылы құрылған. 2017 жылдан бастап неврология кафедрасы өз алдына жеке 2 кафедраға бөлінді: неврология кафедрасы және психиатрия және наркология курсымен неврология кафедрасы. Психиатрия және наркология курсымен неврология кафедрасының клиникалық базасы БҚМУ-нің Медициналық орталығы, АМО, АМО-нің балалар ауруханасы (Облыстық балалар ауруханасы) болып табылады. Кафедрасының негізгі бағыттары ғылыми-педогогикалық және клиникалық жұмыстар болып табылады.nevrol 2

Қазіргі таңда кафедраның жетекшісі, PhD Аяганов Динмухамед Нурныязович. Балалар невропатологы, медициналық реабилитолог, генетик. 6D 110100 «Медицина» мамандығы бойынша докторлық диссертациясының тақырыбы: «Ерте жастағы балаларда кездесетін эпилепсияның резистентті формасының клиникалық-иммунологиялық аспектісі». Ғылыми жетекшісі: м.ғ.д., профессор Лепесова М.М. 

Аяганов Д.Н. шетелдік және отандық журналдарда орыс және ағылшын тілдерінде 30-дан астам басылымдардың, сонымен бірге «Балалардағы бұлшықет гипотониясының симптомокомплексі» (2014 ж.) оқу-әдістемелік құралының авторы. «Синдром Веста» монографиясының шығарылуымен жұмыс жасайды. Балалар неврологиясы бойынша отандық және мемлекетаралық конференцияларға, конгресстерге, семинарларға баяндамалармен қатысқан: Тбилиси (Грузия), Каппадокия (Турция), Урумчи, Сиань, Юньчень (КНР), Бухара (Узбекистан), Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе (Қазақстан). Әртүрлі гранттық жобалардың қатысушысы. 2015 жылы Санкт-Петербургта СПбГПМУ қосымша кәсібі білім беру және біліктілікті жетілдіру факультетінің психоневрология кафедрасында ғылыми-педагогикалық тәжірибеден өткен. 2016 жылы Сиань и Юньчень (КНР) қаласында медициналық реабилитация бойынша тәжірибиемен алмасу стажировкасында болған.

Сонымен қатар «Нейроиммунопатология позициясынан ерте жастағы балаларда кездесетін эпилепсиялық энцефалопатияның резистентті формасының патогенетикалық негізі» атты ғылыми шығарылымның авторлық құқықығының куәлігіне ие. ҚР-нің балалар неврологының ассоциациясының, балалар неврологының мемлекетаралық ассоциациясының, EPNS ассоциациясының белсенді мүшесі болып табылады. Облыстық балалар аурханасының неврология бөлімшесінде апта сайынғы науқастарға дәрігерлік кеңестер өткізеді және қалалық клиникалық балалар ауруханасының неврология бөлімшесі мен реанимациясының консультанты болып табылады. 3-ші оқу жылының докторанттың «Қазақстандағы Дюшенн миодистрофиясының клиникалық-генетикалық сипаттамасы» және 1-ші оқу жылының докторанттың «Балалардағы неврологиялық аурулардағы жалпыланған қозғалыстардың болжамды құндылығы» тақырыптарына ғылыми жетекшісі болып табылады. 2020 жылдан бастап «Марат Оспанов атындағы БҚМУ-і» КеАҚ жанындағы биоэтика жөніндегі жергілікті комиссияның төрағасы болып табылады. Сондай-ақ университеттегі проблемалық комиссияның мүшесі.

nevrologia sait

Маннапова Ақжунус Иманкұлқызы 1999 жылы Актөбе мемлекеттік медицина академиясын, «Емдеу ісі» факультетін бітірген. Еңбек өтілі – 18 жыл. 2000-2011 жылдар аралығында «Гистология» кафедрасының ассистенті болып жасады. 2011-2018 жылдары Дәлелді медицина орталығының доцент міндетін атқарушысы болып жұмыс жасады. 2008 жылы кандидаттық диссертациясын қорғап шықты. 14.00.25 – Адам анатомиясы бойынша кандидаттық диссертацияның тақырыбы: «Хромның созылмалы әсері және оны аңдыз тамыры майлы сығындысымен коррекциялау кезіндегі трахеобронхиальды лимфа түйіндеріндегі морфологиялық функциялық өзгерістер». Ғылыми жетекшісі: м.ғ.д., профессор Умбетов Т.Ж. 

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап психиатрия және наркология курсымен неврология кафедрасының доцент міндетін атқарушы болып табылады.

Умирзакова Айнур Онталаповна – медицина ғылымдарының магистрі, дәрігер невропатолог, нейрофизиолог, 3-ші курс докторанты. Магистрлік диссертациясының тақырыбы: «Эпилепсиялық энцефалопатия кезіндегі когнитивтік бұзылысты бағалау». Докторлық ғылыми диссертациясының тақырыбы: «Қазақстандағы Дюшенн миодистрофиясының клиникалық-генетикалық сипаттамасы». 12-ден астам басылымдары бар, соның ішінде ағылшын тіліндегі халықаралық журналда. Университет қабырғасында жүргізіліп жатқан ғылыми-гранттық жобаларға белсенді қатысады. Неврология мамандығы бойынша білімін әрдайым жетілдіріп отырады. Қазақстан Республикасында да, жақын шетелдерде де неврологиялық конференцияларда ауызша баяндамаларымен шығып отырады. WSO-тің (Әлемдік инсульт орталығы) мүшесі болып табылады. Грузияда дәлелді медицинаның клиникалық практикасы бойынша шетелдік тәжірибеден өткен. «Эпилептикалық энцефалопатия кезіндегі когнитивті бұзылуларды бағалау» тақырыбынан жеке интелектулаьды авторлық куәлігі бар.

Досболова Мөлдір Құрманғалиқызы, 2009 жылы қыркүйек айында Алматы қаласы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақстан Ұлттық медицина университетіне «Жалпы медицина» факультетіне оқуға түсіп, 2016 жылы «дәрігер терапевт» мамандығы бойынша оқуды аяқтаған. Интернатура бойынша 2 жылдық окуды аяқтағаннан кейін, 2016 жылы тамыз айында Ақтөбе қаласы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетіне «Невропатология, соның ішінде балалар невропатологиясы» мамандығы бойынша резидентураға оқуға түскен. 2018 жылы резидентураны аяқтап, дәрігер невропатолог сертификатын алған.

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің психиатрия және наркология курсымен неврология кафедрасының ассистенті болып жұмыс жасайды.

Сариманов Сауирхан Аллабердіұлы, 2009 жылы Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университетінің «Жалпы медицина» факультетіне оқуға түсті. 2016 жылы «жалпы тәжірибелік дәрігер» мамандығымен бітіріп, диплом алған. Интернатураны бітірген соң 2016 жылдың қыркүйегінде «Невропатология, соның ішінде балалар невропатологиясы» мамандығы бойынша резидентураға оқуға түсті. 2018 жылда резидентураны бітіріп, сертификатты қорғап шыққан.

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің психиатрия және наркология курсымен неврология кафедрасының ассистенті болып жұмыс жасайды.

Кулыбаев Толыбек Жумабекович, 2009 жылы Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университетінің «Жалпы медицина» факультетіне оқуға түсті. 2014 жылы «бакалавр» мамандығымен бітіріп, диплом алған. Интернатураны бітірген соң 2016 жылдың қыркүйегінде «Невропатология, соның ішінде балалар невропатологиясы» мамандығы бойынша резидентураға оқуға түсті. 2018 жылда резидентураны бітіріп, сертификатты қорғап шыққан.2019 жылдың қыркүйек айынан бастап М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің психиатрия және наркология курсымен неврология кафедрасының ассистенті болып жұмыс жасайды. 

Психиатрия және наркология курсы

Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының психиатрия кафедрасы 1961 жылы құрылды.Кафедраның алғашқы меңгерушісі болып дәрігер-психиатр, профессор Приленский Юрий Федорович тағайындалды, кейіннен кафедраны басқарғандар: Каляпин Александр Гаврилович; медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Катковников Альберт Ильич (1981 – 1999 ж.а.). Альберт Ильич кафедра меңгерушісі қызметін атқарған кезде Қазақстан Республикасындағы психиатрия ,ғылымы мен қызметінің дамуына зор үлес қосты.Кафедраның одан кейінгі меңгерушісі болып медицина ғылымдарының докторы, профессор Назаров Зинулла Айдарович (1999 – 2004ж.а.) тағайындалды.2004 жылдан бастап 2009 жылға дейін психиатрия, наркология және неврология кафедрасын медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Ибатов Амагельды Нигметович басқарды, қазіргі кезде зейнеткер, Орал қаласында дәрігер- психиатр болып қызметін жалғастыруда.Психиатрия кафедрасында оқытушы қызметін атқарғандар: доцент Сарсембаев Кайратбек Талгатбекович, Тлеугарин Кульжан Тлеуович, Колесников Александр Анатольевич, Черников Александр Константинович, Калдыбаева Венера Кадыровна.Клиникалық ординатураны бітіріп, кейін кафедрада оқытушылық қызмет атқарғандар: Дьячкова Валентина Николаевна, Тажибаев Оскар Махмудович. Кафедрада клиникалық ординатурадан өткен Уразова Гульмира Нурлановна қазіргі уақытта АОПДО бас дәрігердің орынбасары қызметін атқаруда. Психиатрия кафедрасында субординатура және интернатурадан өткен Негай Николай Анатольевич,қазіргі уақытта – Республикалық психикалық денсаулық орталығының директоры.2009 жылдан бастап бүгінге дейін неврология, психиатрия және наркология кафедрасының психиатрия және наркология курсына жауапты Павленко Валерий Петрович. Павленко Валерий Петрович – медицина ғылымдарының докторы, доцент, жоғары категориялы дәрігер-психиатр, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басты штаттан тыс психиатры, 100-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, соның ішінде оқу-әдістемелік құралдар: «Инновационные технологии обучения» және «Психические и поведенческие расстройства в результате употребления опиоидов (опийная наркомания)», сонымен қатар монография «Новое в лечении алкоголизма: клиническая фармакология пропротена-100».

nevrol 10

Павленко Валерий Петрович Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын 1995 жылы бітірді, психиатрия бойынша интернатурадан өту кезінде кафедраға ассистент-стажер болып жұмысқа қабылданды. 1998 жылдан бастап ассистент, кейіннен доцент, 2009 жылдан бастап психиатрия және наркология курсына жауапты. 2004 жылы Павленко В.П. «Фармакологический анализ систем мозгового подкрепления и эмоциональной памяти при гормональном дисбалансе» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады, 2010 жылы «Патогенетические механизмы алкогольной и опийной зависимости» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады, 100-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, соның ішінде оқу-әдістемелік құралдар: «Инновациялық оқыту технологиялары» және «Опиоидтарды (апиынға тәуелділікті) қолдану нәтижесінде туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылыстары», сонымен қатар монография «Алкоголизмді емдеудегі жаңа жаңалық: Пропротен-100 клиникалық фармакологиясы».Кафедрада жұмыс жасап жүріп Павленко Валерий Петрович студенттерге лекциялар оқиды және практикалық сабақтар өткізеді, дәрігерлер және орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін көтеру және қайта даярлау циклдарын ұйымдастырып, жүргізеді. ОПДО және басқа да емдеу мекемелерінде науқастарды қабылдайды.Қазіргі уақытта психиатрия бойынша электронды оқулық жасаумен айналысып жатыр. Ғылыми қызығушылықтары: наркологиялық бұзылыстар.

kf00552

Қазіргі уақытта психиатрия және наркология курсында қызмет атқарушылар: Павленко В.П. – курсқа жауапты, Хамитова Ж. М. –доцент, ассистенттер : Зайнуллин С.В., Ахметова С.А., Рамазанова А.А., Сабыр Л.М., лаборант Даулбаева Л.Т.

mkmc2252

Хамитова Жанар Муратовна – доценттің қызметін атқарушы, бірінші категориялы дәрігер-психиатр, оқытушы, Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын 1997 жылы бітірді. Дәрігер-невропатолог болып жұмыс жасаған, 2003 жылдан бастап Марат Оспанов атындағы БҚММУ психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті. 2010 жылдан бастап психиатрия және наркология курсында доценттің қ.а. Лекциялар оқиды, практикалық сабақтар жүргізеді, психоневрологиялық және наркологиялық диспансрде науқастарды қабылдайды. 2010 жылы мемлекеттің тілдегі оқу құралын шығарды: «Есірткі қабылдау салдырынан болған психикалық және кылықтық бұзылулар». 7 ғылыми мақаланың авторы. Хамитова Ж.М. наркологиялық бұзылыстардың фармакотерапиясы жөнінде ғылыми ізденістер үстінде.Рамазанова Акмарал Адиетовна – ассистент, медицина ғылымдарының магистрі, дәрігер-нарколог, педагогикалық өтілі – 23 жыл, дәрістер оқиды және практикалық сабақтарды өткізеді. Магистрлік диссертациясының тақырыбы: «Биомаркеры преждевременного старения у лиц длительно контактирующих с экологически агрессивными веществами». Қазақ тілінде 3, орыс тілінде 1 оқу құралын жазған. 50-ге тарта ғылыми мақалалардың авторы. Ғылыми қызығушылықтары: АЗХС зауыты және уинверситет жұмысшыларының арасындағы қартаю пробемалары, өзгерген сана жағдайларын зерттеу. Университеттің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, ректораттың хатшысы, университеттің қоғамдық жұмыстарымен белсенді айналысады.Зайнуллин Станислав Владимирович – бірінші категориялы дәрігер-психиатр, ассистент, Ақтөбе мемлекеттік медицина университетін 1993 жылы аяқтаған. Сол жылдан бастап облыстық психоневрологиялық дсипансерде психиатр болып жұмыс жасаған. 1999 жылдан бастап психиатрия кафедрасында. 2003 жылдан бастап кафедра ассистенті, практикалық сабақтар өткізеді, науқастарды қабылдайды. Ғылыми қызығушылықтары: өзгерген сана жағдайларын зерттеу. 

abmnc0010

Ахметова Светлана Ахантаевна – ассистент, дәрігер-нарколог, психиатр. 2011 жылдан бастап кафедра ассистенті, практикалық сабақтар өткізеді. Курс жұмысына TBL және CBL инновациялық әдістерін енгізді. Ғылыми қызығушылықтары: алкоголь ұолдану нәтижесінде болатын психикалық бұзылыстар. 10 ғылыми мақаланың авторы. Курстың тәрбие жұмысына жауапты. Университеттің спорт саласына белсенді ат салысады, үстел теннисі бойынша 1 жүлделі орын иемденді. 

sdfgvcdflkdc0001

Сабыр Лаура Мендыбаевна – 1991 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітірді. 2002-2005 жж. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын «ағылшын және неміс тілдері» мамандығы бойынша бітіріп, «жоғары кәсіби білімі бар шет тілдерінің мұғалімі» біліктілігін алды. 2016 жылдан бастап ол неврология кафедрасында психиатрия және наркология курсының ассистенті болып жұмыс істеді және Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін сырттай бітірді. К.П.Жубанова (2016-2018), «психология» мамандығы бойынша әлеуметтік білім бакалавры дәрежесін алды, 2018 жылдан 2020 жылға дейін Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің магистратурасында оқыды. Қ.Жұбанова, «психология» мамандығы, әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесін алды. Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Студенттердің кәсіби қызметке психологиялық дайындығын қалыптастыру». 2020 жылы ол «Дәрігердің кәсіби қызметіндегі психология» атты дәрістер курсын шығарды. Ақтөбе облысының медициналық қызметкерлері үшін «Психикалық денсаулықты нығайту және жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу» семинар-тренингтерін өткізді.Қазіргі уақытта ол психиатрия және наркология курсының ассистенті, психиатр, дәрістер оқиды және ағылшын тілінде психиатрия мен наркология бойынша практикалық сабақтар жүргізеді. Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі оқу-әдістемелік жұмыстармен белсенді айналысады, психологиялық кеңес беру мәселелерімен айналысады. «Upper-intermediate» деңгейдегі ағылшын тілін жетік біледі.Ғылыми қызығушылықтары: психотерапия, психологиялық кеңес беру, мінез-құлық психотерапиясы.Оқу процесін жақсарту мақсатында оқытудың оқытудың жаңа технологиялары (РВL, CBL, TBL) енгізілуде. Автоматтанған ақпараттық жүйе «Платонус», оқу – әдістемелік комплекстер, аралық бақылау тесттері, жағдайлық есептер, әдістемелік нұсқаулықтар, әртүрлі интерактивті оқу әдістері(симулятор, рольдік ойындар). Дәріс оқу және практикалықсабақтарды жүргізу кезінде курс оқытушылары аудио және видеоматериалдарды қолданып оқытудың заманауи тәсілдерін кеңінен пайдаланады.Курс қызметкерлері студенттерге, интерндерге дәрістер оқиды және практикалық сабақтар өткізеді, оқу процесінде инновациялық және интерактивті тәсілдерді пайдаланады, оқу –әдістемелік әдебиеттерді ойлап табады, дәрігерлер және орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін көтеру және қайта даярлау циклдарын ұйымдастырып, жүргізеді, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерде және басқа емдеу мекемелерінде науқастарды қабылдайды, студенттер және мектеп оқушыларының арасында тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Соңғы жылдары курстың негізгі ғылыми бағыты:балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің қауіп факторларын зерттеу және алдын алу.2014 жылы ЗКГМУ базасында психиатрия және наркология курсы «Қазақстан және Ресейдегі психиатрияық қызмет: жалпы жағдайлар, даму перспективалары және халықаралық серіктестік» тақырыбында халықаралық қатысумен аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Ол конференцияға Қазақстанның және жақын шетелдің ЖОО-дарының өкілдері қатысты. Болашақта осындай конференцияны тұрақты түрде өткізіп тұру жоспарда бар. Курс қызметкерлері Қазақстанда және шетелдегі болатын конференцияларға қатысып тұрады, зерттеулерінің нәтижелерін ғылыми басылымдарға жариялап, теледидарға сұхбаттар береді.Психиатрия және наркология курсы Оренбург мемлекеттік медицина университетінің психиатрия, наркология, психотерапия және медициналық психология кафедрасымен және В.И.Разумовский атындағы Саратов мемлекеттік медицина университетінің психиатрия, наркология, клиникалық психология және психотерапия кафедрасымен тығыз байланыста.Психиатрия және наркология курсының қызметкерлерінің тізімі:Павленко Валерий Петрович – курс бойынша жауапты
Хамитова Жанар Муратовна – доцент қ.а.
Рамазанова Акмарал Адиетовна – ассистент
Ахметова Светлана Ахантаевна – ассистент
Сабыр Лаура Мендыбаевна – ассистент
Даулбаева Лаззат Тынымбаевна – лаборантКонтакттер: жұм. тел. 53-42-78
элек. мекен-жай: kafpsinar@zkmu.kz