Балалар хирургиясы кафедрасы

Балалар хирургиясы кафедрасының тарихы

  1970 жылы Ақтөбе Мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультеті ашылуына орай балалар хирургиясы кафедрасы ұйымдастырылды. 1970-1974 жылдары факультет деканы доцент Э.П.Рудин жетекшілік етіп, кейін Мәскеу қаласы ЦОЛИУ-да проктология кафедрасының профессоры болып жұмыс жасады. Емдеу факультетінде алғашқылардың бірі болып Дженалиев Б.К., Иванов В.Н., практикалық сабақтар жүргізді. 1974 жылы балалар хирургиясы кафедрасы болып өзгертіліп, 1974-1986 жылдары доцент Сұлтанбаев Темирболат Жұмасилұлының басқарды. «Балалардағы жедел гематогенді остеомиелиттің патогенетикалық негізгі емі» тақырыбында докторлық диссертацияны сәтті қорғады. Осы жылдары кафедра асситенттері болып Дженалиев Б.К., Насрединов Х.Н., Россов В.П., Орманов Б.С., Курков Л.К. жұмыс жасады. Насрединов Х.Н. Ақтөбе Мемлекеттік меицина институтын 1965 жылы жақсы тәмәмдап, Гурьев облысы орталық аудандық ауруханада хирург, кейін уролог, Ақтөбе қаласында мед-санитарлық бөлімінде анестезиолог болып жұмыс жасады. 1975 жылы балалар кафедрасы хирургиясына анестезиологиядағы жірдемақыны жетілдіру сұрағымен айналысып, практикаға кетаминді наркозды енгізді. Россов В.П., Алматы Мемлекеттік медицина институтын бітіріп, Қостанай қаласында педиатр, кейін Алматы қаласында травматолог-ортопед болып жасады. Ортопедия және травматология саласында сүйекішілік және сүйекке металоостеосинтез қолдану және өзгеде балалар хирургиясында жетістіктер Всеволода Павлович есімімен байланысты. Келесі жылы Ақтөбе облыстық балалар клиникасында бас дәрігері болып тағайындалды.
  Орманов Б.С. Алматы Мемлекеттік медицина университетін біріген соң, 1975 жылы Арыс Шымкент облысында жұмыс жасады. Алматы және Мәскеу қаласында сәтті кандитаторлық және докторлық диссертациясын қорғады. Келесі жылы Астана қаласы медицина академиясында кафедра жетекшісі болып, педиатрия факультеті деканы болып жұмыс жасады.
  Курков Л.П. Казан Мемлекеттік медицина институтын бітіріп, Ақтөбе облыстық Қобда ауданыныда бас педиатр болып жұмыс жасады. Кейін Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасында жетекші орынбасары болып жұмыс жасады. Жұмыс жасап жүріп өзін сауатты методист, клиницист, жақсы дәрігер ретінде көрсете білді. Соңғы жылдары Санкт-Петербург қаласында Октябрь Темір Жол ауруханасында бас хирург болып жұмыс жасады.
  Беренштейн С.С. Харьков Мемлекеттік медицина институтын бітіріп, 1987 жылы травматология және ортопедия саласында соның ішінде алғаш рет клиникада ошақтан тыс металлоостеосинтез енгізіп, 1995 жылы «Балалардағы Кальве-Пертес ауруын консервативті емдеуде патогенетикалық негіздеу» тағырыбында докторлық диссертациясын қорғады.
  1986-1989 жылдары аспирантура кафедрасында Семей Мемлекеттік медицина институтының түлегі Рахметов Н.Р. білім алды. «Балалардағы аппендикулярлы перитонит лимфотропты терапиясы» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғап, Мәскеу қаласына қайта оралып, әлі күнге дейін Госпитальды хирургия кафедрасының жетекшісі қызметін атқаруда.
 Дженалиев Б.К. 1996-2006 жылдары кафедра ассистенті болып жұмыс жасады. Ақтөбе Мемлекеттік медицина институтының түлегі. «Балалардағы лапароскопиялық бауыр эхинококкэктомиясы» (2001 ж.) тақырыбында кандидаттық диссертациясын және «Балалардағы эндовидеохирургиялық операцияларды патогенетикалық негіздеу» (2007 ж.) тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады. Қазіргі таңда ҚР ана мен бала Ұлттық Ғылыми орталығының балалар хирургия бөлімінің жетекшісі.
  1986 жылдан кафедра жетекшісі профессор, медицина ғылымының дәрігері Дженалиев Болат Канапьянұлы. 1971 жылы Ақтөбе Мемлекеттік медицина институтының түлегі. Балалар хирургы, ССР еңбек сіңірген профессоры, медицина ғылымдарынығ дәрігер А.И.Ленюшкин қолдауымен «Балалардағы Гиршпрунг ауруының хирургиялық емі нәтижелері» және «Үш жасқа дейінгі балалардағы іріңді хирургиялық инфекцияның патогенетикалық негізгі емі» тақырыбынды дәрігергік диссертациясын қорғады. Болат Қанапьянұлы 200 астам ғылыми жұмыстардың, 3 ғылыми оқу құралы, 20 авторлық куәландырудың авторы болып табылады.
  Жоғары квалификационды категориялы дәрігер, ҚР денсаулық сақтау басқармасының үздігі, Әкім премиясының және Облыс мәслихатының лауреаты. 2015 жылы ҚР «Алтын Адам» премиясының лауреаты және «Дәрігер» номинациясына Ақтөбе облысының жыл адамы.
Әртүрлі жылдары кафедрада ассистенттер болып И.Г.Волошко, Абдуллаев К.П, Музафаров С.Н, Егеров С.Г, Ильясов М.Т, Аяганов А.Н жұмыс жасады. Дәрігер-лаборант болып Красношлыков Б.Г , Кулжабаев Т.К , Шаймерденов М. қызмет етті.
  2017 жылдың қыркүйек айынан бастап балалар хирургия кафедрасының жетекшісі Тусупкалиев А.Б. тағайындалды. Балалар травматологиясы мен ортопедия, іріңді, торакальді, абдоминальді және нейрохирургия, анестезиология және реаниматология белсенді түрде және жаңа бағыттарда дамуда. Қазақстанда және областа алғаш рет лапароскопиялық операция ұйымдастырылған, іріңді хирургия бөлімшесі ашылған, эндохиругиялық ем әдістері клиникаға енгізілді, қарқынды терапия реанимациясы кеңейтілді, жаңа туылған нәрестелердің Обласаралық хирургиялық орталығы ашылды, ургентті қызмет кеңейіп жақсарды.
  Кафедра және клиника қызметкерлері 6 дәрігерлік және 12 кандидаттық диссертация қорғады , 20 авторлық куәлік алынды, 6 монография және оқу құралдарын шығарды, 350 астан ғылыми мақалалар және тезистер , соның ішінде 10 әдістемелік нұсқалар жарияланды. Дәрігерлік диссертациялар:
1. Султанбаев Т.Ж “Балаларда жедел гематогенді остеомиелит емінің патогенетикалық негіздері” (Мәскеу , 1978)
2. Дженалаев Б.К “Алғашқы үш жыл өміріндегі балаларда іріңді хирургиялық инфекцияны емдеудің патогенетикалық негіздері” (Мәскеу , 1996)
3. Беренштейн С.С “Балаларда Легта-Кальве-Пертес ауруын кейбір консервативті ем әдістерінің патогенетикалық негізі” ( Алматы, 1995)
4. Орманов Б.С “Жабысқақ ауруы диагностикасы, емі , профилактикасы” Алматы, 1997
5. Котлобовский В.И “Балалардағы жайылмалы аппендикулярлы перитонитте лапароскопиялық хирургия” (Мәскеу , 2004)
6. Дженалаев Д.Б “Балалардағы эндовидеохирургиялық операциялардың патогенетикалық негіздемесі” (Алматы , 2007)
Кандидаттық диссертациялар:
1.Дженалаев Б.К “Балалардағы Гиршпрунг ауруын хирургиялық емдеу нәтижелері” (Мәскеу , 1981)
2.Орманов Б.С “Балалардағы аппендикулярлы перитонит кезінде клостридиальды емес анаэробты инфекция рөлі және клиникалық ағымы” (Мәскеу , 1986)
3.Рахметов Н.Р “Балалардағы аппендикулярлы перитонит кезінде лимфотропты терапия” (Мәскеу , 1989)
4.Байменов А.М “Балалардағы іріңді-септикалық ауруларды күрделі емінде ультрафиолетпен сәулелендірілген қандарды қолдану” (Мәскеу , 1990)
5.Досмагамбетов С.П “Балалардағы жедел іріңді диструктивті пневмонияда аймақтық лимфотропты терапия” (Мәскеу , 1990)
6.Котлобовский В.И “Жедел аппендицит диагностикасында лапароскопия және балаларда асқынбаған формасын емдеу” (Алматы ,2000)
7.Альтаев К.Ж “Балалардағы Жедел лапароскопиялық операцияларды жүргізу үшін анестезияны таңдау” (Алматы , 2000)
8.Дженалаев Д.Б “Балалардағы лапароскопиялық бауыр эхинококкэктомиясы” (Алматы ,2000)
9.Тусупкалиев А.Б “Балалардағы шап жарығын лапароскопиялық емдеу” (Алматы ,2001)
10.Свиридова М.А “Балалардағы лапароскопиялық және тракциялық араласуда вегетативті жүйке жүйесінің жағдайы” (Мәскеу,2004)
11. Баубеков Ж.Т “Балалардағы жедел аппендициттін асқынбаған және асқынған түрлерінде лапароскопиялық аппендэктомиядан кейінгі асқынуларды анықтау және емдеу нәтижесін жақсарту” (Алматы ,2006)
12.Сатыбалдиев К.Ж “Балалардағы қосарланған лапароскопиялық операциялар” (Астана,2006)
13.Ергалиев А.Е “Балалардағы аппендикулярлы инфильтраттың оптималды емі” (Астана,2009)
14.Бисалиев Б.Н “Гастрошизистің оптималды емі” (Мәскеу ,2011 )  
  Қазіргі уақытта кафедрада 9 қызметкер жұмыс істейді.Бұл үлкен және досшыл команда, балаларды жақсы көретін және өз ісінің мамандыры,сондықтан болашақта үлкен жоспарлар бар.

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы

  Кафедраның негізгі міндеті-балалар хирургиясын, травматологияны, ортопедияны, анестезиология және реанимацияны педиатрия , емдік факультет және Жалпы медицина факультетінің студеттеріне жоғары сапалы оқытуды қамтамасыз ету.Оқыту процессінде балалардың анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, аурулардың этиологиясын, патогенезін, диагностикасын, ажырату диагностикасын, емдеу әдістерін толықтай қарастырады. Жалпы білім үрдісін ұйымдастырушылары кафедраның меңгерушісі проф Дженалаев Б.К, проф Байменова А.М , доцент Досмагамбетова С.П және Тусупкали А.Б.    Монография және оқу әдістемелері “Жедел гематогенді остеомиелит кезінде сүйек ішілік жуу” (К.С.Ормантаев , Т.Ж.Султанбаев) , “Балалардағы іріңді хирургиялық инфекция” (Т.Ж.Султанбаев , А.И. Ленюшкин) және “Балалардағы маймақтық” (С.С.Беренштейн ), “Балалардағы гидатидозды эхинококкоз диагностикасы және емі” (Б.К.Дженалаев , Б.Д.Дженалаев) , “Балалардағы Эндоскопиялық хирургия” (А.Ф.Дронов,В.И.Котлобовский) , “Балалар перитониті” (А.Б.Тусупкалиев )және “Балалардағы перитониттер” (Б.К.Дженалаев ,А.Б.Тусупкалиев). Кафедраның ғылыми-зерттеу және оқу қызметі

hirurgia

   М. Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің балалар хирургиясы клиникасы, балалар жасындағы торакальды, абдоминалды хирургия, урология, даму ақаулықтары және тірек-қимыл аппаратының аурулары, анестезиология және реаниматология саласындағы маңызды ғылыми проблемаларды талқылайтын, ТМД және Республикамыздың жетекші мекемелірінің бірі болып табылады.      Клиникалық тәжірибеде іш және кеуде қуысы, ішперде арты кеңістігі мүшелерінің әртүрлі ауруларын емдеуде ультрадыбыстық техника, компьютерлік және магнитті-резонансты томография, ангиография, гипербарилік оксигенация, эндохирургия әдістері қолданылады. Емдеу және ғылыми-зерттеу қызметінің құрылымы ауру балалар контингентімен анықталады. Емдеу жұмысы жалпы қоры 120 төсектен астам 4 бөлімшеде жүргізіледі. Кафедра қызметкерлері барлық Батыс аймағының балаларына кеңестік және емдік көмек көрсетеді. Балалар хирургиясы және анестезтология және реаниматология саласындағы актуалды сұрақтар бойынша семинарлар мен конференциялар ұйымдастырып, балалар хирургтары мен педиатрлар үшін дәрістер оқылады.
   Кафедра жұмыс жасаған жылдары клиникалық ординатура бойынша дайындықтан өткен: О.С. Каспирова, Р.А. Кенжалина, Г.М. Куттымуратова, Ж.Б. Кистауова, А. Гербер, Ш. Кожакова, А. Кантуринова, Ж.Т. Баубеков, Н.С. Жакиев, К.Ж. Сатыбалдиев, С.Ж. Нурымов, А.Соколов. Кафедрада жұмыс жасап және денсаулық сақтау тәжірибесінде жоғары санатты мамандар болып табылады.
  Ғылыми-студенттік үйірме (Жетекшілері – проф Дженалаев Б.К., м.ғ.к. Альтаев К.Ж.) Кафедра негізделген кезден бастап ұйымдастырылды. Біздің ғылыми үйірменің студенттері – барлық Ресейлік және бүкілодақтық конференциялардың тұрақты қатысушылары: Мәскеу және Ленинград, Киев және Тбилиси, Рига және Саратов , Одесса және Баку, Ереван және Кишинев, Ростов на Дону және Махачкала, Казань және Уфа, Винница және    Ташкент, Барнаул және Иваново, Ижевск біздің және басқа да ЖОО студенттік жастарын өздерінде қабылдады. Біздің студенттеріміздің студенттік конференцияларда алған көптеген медальдар, грамота және дипломдар ғылыми жұмыстардың жоғары сапалылығын куаландырады. Кафедра және балалар хирургиясы клиникасы қызметкерлері балалар денсаулығын қорғау ісіне бағаланбас үлестерін қосқан және қосып келе жатқан үйірме тәрбиеленушілерімен мақтан етеді.
Тулеубаев К. – м.ғ.д. проф. С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің проректоры.
Нармухамедов Ж. – Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, жоғарғы білікті категориялы балалар хирургы.
Котлобовский В.И. – м.ғ.д. проф. ҚР эндоскопиялық хирургияның негізін салушы, лапароскопиялыө хирургия бөлімінің меңгерушісі, М. Оспанов атындағы БҚММА ДЖФ эндоскопиялық хирургия кафедрасының меңгерушісі, «Эндоскопическая хирургия у детей» (Ақтөбе қаласы) атты ТМД –ның бірінші монографиясының соавторы.
Даутов Т. – проф. м.ғ.д. сәулелі диагностика бөлімі және ҚР президенті жанындағы эндоваскулярлы хирургия ісінің басқармасы медициналық орталығының меңгерушісі.
Сейдахметов М.А. – м.ғ.к. Астана қалалық АО «Медицина университетінің» балалар хирургиясы кафедрасының доценті.
Аженов Т. – м.ғ.д. Астана қалалық АО «Медицина университетінің» ЛОР аурулары кафедрасының доценті.
Дженалаев Д.Б. м.ғ.д. – Ана мен бала ұлттық ғылыми орталықтың балалар хирургиясы бөлімінің басшысы. (Астана қаласы)
Медетбаев Б.Б. – жоғары білікті санатты дәрігер, Ақтөбе облыстық көппрофильді клиникалық ауруханасының, балалар хирургиясы бөлімінің меңгерушісі.
Харькин В.П. –жоғары білікті санатты дәрігер, Батыс Қазақстан облыстық көппрофильді балалар ауруханасының , балалар хирургиясы бөлімнің меңгерушісі.
Мергазиев Г.Т. – жоғары білікті санатты дәрігер, Атырау облыстық балалар ауруханасының, балалар хирургиясы бөлімінің меңгерушісі.

Кафедра қызметкерлері

tusipkaliev

ТУСУПКАЛИЕВ АСЫЛБЕК БАЛАШОВИЧ,м.ғ.к. доцент. 1994 жылы Актөбе мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін бітірген. Балалар хирургиясы кафедрасында 1997 жылдан бастап жқмыс жасайды.  2001 жылы «Лапароскопическое лечение паховых грыж у детей» тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. 2009 жылы доцент ғылыми атағы берілді. Педиатрия факультетінің деканы болып жұмыс жасады. Жоғары білікті санатқа ие. 40 астам ғылыми жұмыстардың авторы, оның ішінде 2 өнертабыс және 2 оқу құралы. Қазіргі уақытта М. Оспанов атындағы БҚММУ бірінші проректоры. Қазіргі уақытта балалар хирургиясы кафедрасының басшысы болып табылады.   

dzhenalaev

ДЖЕНАЛАЕВ БУЛАТ КАНАПЬЯНОВИЧ,м.ғ.д., профессор. 1973 жылдан бері кафедрада жұмыс жасайды. Жалпы жұмыс тәжірибесі – 45 жыл. 1981 жылы кандидаттық диссертациясын ғылыми – зерттеу университетінде педиатриядаг КСРО МҒА « балалардағы Гиршпрунг ауруының ұзақ мерзімді нәтижелері» тақырыбында қорғады, докторлыққа « алғашқы үш жастағы балалардағы іріңді хирургиялық инфекциясын емдеудегі патогенетикалық негіздері»  тақырыбында Мәскеу қаласында 1996 жылы қорғады. 250-ден астам жұмыстардың авторы, олардың ішінде 20 өнертабыс және патенттер. ҚР медицина қызметкері, жоғары санатты дәрігер. «Алтын адам» марапат иегері, Ақтөбе облысының «Дәрігер» номинациясы бойынша жыл адамы.  

  dosmagambetova

ДОСМАГАМБЕТОВ САГИДУЛЛА ПРИМЖАНОВИЧ, м.ғ.к., доцент. 1983 жылдан бері кафедрада жұмыс жасайды.1990 жылы «Балалардағы жедел іріңді деструктивты пневмония кезіңдегі регионалды лимфотропты терапия»
тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.
Жоғары біліктілік санатындағы балалар хирургі, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының үздігі. 70-тен астам балалар хирургиясының өзекті мәселері мақалалар авторы, 8 өнертабыс патент иесі. 2010 жылғы Қазақстан Республикасын “Шипағат” номинациясында ең үздік өнертабыс болып табылған патент №21296 Балалар эхинококкозың химиотерапия әдісі”. Денсаулық сақтау саласындағы жетістектер үшін “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10жыл” медалімен, “Шапағат” аймақ әкімі премиясымен марапатталды. 2008 жылы “Жыл адамының” құрметті атағына ие болды.

 baubekova

БАУБЕКОВ ЖЕНИСБЕК ТАНИРБЕРГЕНОВИЧ, медицина ғылымдарының кандидаты.  1997 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина университетінің педиатрия факультетін аяқтаған. 1997-199 жж. аралығында  клиникалық ординатураны оқыған. Жалпы жұмыс тәжірибесі – 27 жыл. Балалар хирургиясы кафедрасында 1999 жылдан бері жұмыс жасауда. 2006 жылы кандидаттық диссертациясын « балалардағы асқынған және асқынбаған аппендицит кезіндегі  лапароскопиялық аппендэктомиядан кейінгі асқынуларды анықтау және оларды емдеудін әдістерін жетілдіру» тақырыбында қорғады.  Жоғары біліктілік санаты бар.  40-тан астам мақалалар авторы, олардың ішінен 2 өнертабыс, 1 монография     

kenjegalina

КЕНЖАЛИНА  РОЗА  АМИРЖАНОВНА –1997жылы  Актобе Мемлекеттік медицина институтының педиатриалық факултетін бітірді. Клиникалық ординатурада оқыды. 1990 жылдан бастап кафедрада ассистенті болып жұмыс істейді. Жоғарғы білікті санатты балалар хирургі. Балалар хирургиясының өзекті мәселерінің  40-тан астам мақалалар авторы . Бірнеше мәрте ЖОО әкімшілігі атынан мадақтамалар және алғыс хат алды.        

satibadiev

САТЫБАЛДИЕВ КОБЕН ЖАНАБЕРГЕНОВИЧ, медицина ғылымдарының кандидаты. 1998 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина университетінің педиатрия факультетін аяқтаған. Балалар хирургиясы кафедрасында 1999 жылдан бері жұмыс жасауда. 2007 жылы кандидаттық диссертациясын ПҒО-да « балалардағы қосарланған лапароскопиялық операциялар» тақырыбында қорғады. Бірінші біліктілік санаты бар.    

 bisaliev

БИСАЛИЕВ БАУЫРЖАН НУРНИЯЗОВИЧ, медицина ғылымдарының кандидаты. 2002 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының педиатрия факультетін аяқтаған. 2011 жылы кандидаттық диссертациясын Мәскеу қаласы Н.И.Пирогов атындағы Ресей мемлекеттік медицина университетінде «гастрошизисті емдеуді оңтайландыру» тақырбында қорғады. Бірінші біліктілік санаты бар.        

altaev

АЛЬТАЕВ КЫДЫРБЕК ЖАЛЕЛОВИЧ, медицина ғылымдарының кандидаты. 1980 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина университетінің педиатрия факультетін аяқтаған. 1994 жылдан бері балалар хирургиясы кафедрасының ассистенті. 2001 жылы « балалардағы шұғыл лапароскопиялық операциясы кезінде анестезиологиялық артықшылықтар» тақырыбына кандидаттық диссертациясын қорғады. Ақтөбе облысының басты штаттан тыс анетезиолог-реаниматологы болып табылады. Балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясы бойынша жоғары санатты дәрігер болып табылады. 

khirurgia

ЖАЛМУХАНБЕТОВ КАЙРАТ КАМБАРОВИЧ- балалар аурлары кафедрасының ассистенті. 2013 жылы  С.Д. Асфендиаров атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік медицина университетінде жалпы медицина факультетін аяқтаған.  2018 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде балалар хирургиясы бойынша резидентураны аяқтады.          

   aristanovaАРЫСТАНОВА ГУЛСИМ– балалар хирургиясы кафедрасының лаборанты. 1982 жылдан бері М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде балалар хирургиясы кафедрасында жұмыс жасайды.
1983 жылы Ақтөбе медициналық училищесіне кешкілік бөлімшесіне түсіп, 1986 жылы осы училищеде толық «мейірбике» курсын аяқтады.
2003 жылдың 28 ақпаннан 1 сәуір аралығында « компьтер пайдаланушысы» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курстарын өтті.