Медициналық ЖОО студенттерінің шәкіртақысы 20%-ға дейін өспекші

 –  Медициналық жоғары оқу орындарының студенттері үшін жыл сайын шәкіртақы 20%-ке дейін көбеймекші. Өткен жылы бакалавриат студенттері үшін ол екі есеге жуық, интерндер үшін 25%-ке, резиденттер, магистранттар, докторанттар үшін  -15%-ке өсті, – деп хабарлады Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі.

Сондай-ақ, 2025 жылға дейін шәкіртақыны жыл сайын 15% және 20%-ке ұлғайту жоспарланып отырғаны айтылды.

2023 жылы республикалық бюджет есебінен резидентурадағы гранттар саны 2 500-ге артпақшы.

2021 жылдан бастап, денсаулық сақтау министрлігі өңірлерден түскен өтініштер бойынша резидентураға гранттарды бөлуді енгізген болатын. Сонымен қатар, алдағы уақытта

жоғарғы оқу орындары өздерінің клиникалық базасын қамтамасыз ету үшін университет жанынан салынатын аурухана, клиникалық орталықтар жұмысына да мән берілмекші.

 Бұл дәрігерлерді тәжірибеге бағыттап оқытуды қамтамасыз етеді, ғылымды, озық технологияларды және оқу процесін интеграциялау арқылы университеттердің мүмкіндіктерін кеңейтеді , – деп сенеміз.