Директорлар кеңесінің құрамы

Рахыпбеков Төлебай Қосиябекұлы

Лауазымы: Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор.
Туған күні: 13.02.1953 ж.
Туған жері: ҚазКСР, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылы.
Отбасылық жағдайы: Үйленген.
Тілдерді меңгеруі: Қазақ, орыс, ағылшын.
Білімі, мамандығы (біліктілігі):
Семей мемлекеттік медицина институты (1976)
 «Емдеу ісі» мамандығы;
– Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті (1994)
«Заңгер-құқықтанушы» мамандығы;
– О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті (2000)
«Экономист-менеджер» мамандығы;
– Қазақ гуманитарлық заң инновациялық университеті (2009).

Ғылыми атақтары, дәрежелері:
– Медицина ғылымдарының докторы, диссертация тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы жаңа экономикалық қатынастарды дамытудың теориялық негіздері мен практикасы» (2001);
– Профессор (2008);
– Шимане университетінің клиникалық медицина профессоры, Жапония (Professor of Clinical Medicine at the University of Shimane);
– Манна Университетінің визитинг профессоры (Үндістан);
– ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі.

Еңбек өтілі:

  • 1976-1977 жж. – Шығыс Қазақстан облысы Лениногор полиметалл комбинаты медсан бөлімінің интерн-дәрігері ;
  • 1977-1978 жж.– «ЛСС» тресті медсан бөлімінің үйлестіруші-дәрігері, Шығыс Қазақстан облысы, Лениногорск қ.;
  • 1978-1981 жж.– «ЛСС» тресті медсан бөлімінің цех терапевті, Шығыс Қазақстан облысы, Лениногорск қ.;
  • 1981-1989 жж.– «ЛСС» трестінің медсан бөлімінің емхана бойынша бас дәрігерінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы, Лениногорск қ.;
  • 1990-1994 жж.– Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің халық денсаулығын қорғау және оны әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Алматы қ.;
  • 1994-12.1994 ж. –Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің экстремалды және медициналық-биологиялық проблемалар Бас басқармасының бастығы, Алматы қ.;
  • 1994-1997 жж. – Жезқазған облысының Денсаулық сақтау департаментінің бастығы;
  • 1997-1998 жж. – Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары
  • 1998-1999 жж.– Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, Алматы қ.;
  • 1999-12.1999 ж. –Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, Астана қ.;
  • 2000-2002 жж.–Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңесшісі;
  • 2002-2007 жж. –«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының әлеуметтік жұмыс басқармасының бастығы;
  • 2007-2017 жж.– Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің ректоры;
  • 2017-2020 жж.– АО «Астана медицина университеті» АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы;
  • 2020-12.2020 ж. – «ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК бас директорының кеңесшісі;
  • 15.06.2018 ж. бастап – «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің президенті.

Елеуов Ғалымжан Алмасбекұлы

Лауазымы: Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
Туған күні: 10.10.1978 ж.
Туған жері: ҚазКСР, Ақтөбе қаласы.
Отбасылық жағдайы: Үйленген.
Тілдерді меңгеруі: Қазақ, орыс, ағылшын.
Білімі, мамандығы (біліктілігі):
– Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы (2001)
«Дәрігер-хирург» мамандығы;
– Қазақстан мемлекеттік заң академиясы (2008)
«Құқықтану» мамандығы;
– Назарбаев Университеті (2011)
МВАдәрежесі
– Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Мәскеу халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы-Бизнес және іскерлік әкімшілік институты (2013)
«Бизнес-әкімшілендіру» мамандығы.
Ғылыми атақтары, дәрежелері:
– Медицина ғылымдарының кандидаты, диссертациясының тақырыбы: «Кардия ахалазиясындағы лапароскопиялық эзофагокардиомиотомияны әзірлеу және кешенді салыстырмалы бағалау» (2010).
Еңбек өтілі:

  • 1995-1997 жж.– Облыстық клиникалық аурухананың жақ-бет хирургиясы бөлімшесінің мейіргері;
  • 2002-2007 жж.– Ақтөбе қаласының № 2 қалалық емханасының хирург-дәрігері және қоса атқарушы ретінде Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасының хирург-дәрігері;
  • 2006-2010 жж.– Астана қаласының Ұлттық ғылыми медициналық орталығында аспирантура;
  • 2007-2010 жж.– Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасының хирург-дәрігері;
  • 2010-2012 жж.– Ақтөбе қаласының № 2 қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары;
  • 2010 ж. – «Дару» клиникасы» оңалту медициналық орталығы ЖШС директоры, Ақтөбе қаласы;
  • 2017 ж. – «Көз жарығы» клиникасы» ЖШС директоры, Ақтөбе қаласы;
  • 2018 ж. – «DARU Medical Group» бас директоры;
  • 14.01.2021 ж. бастап– Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Бүркітбаев Жандос Қонысұлы

Лауазымы: Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі.
Туған күні: 27.02.1971 ж.
Туған жері: ҚазКСР, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақкөл ауылы.
Отбасылық жағдайы: Үйленген.
Тілдерді меңгеруі: Қазақ, орыс, ағылшын.
Білімі, мамандығы (біліктілігі):
Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина университеті (1996)
«Емдеу ісі» мамандығы;
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (2003)
«Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару» мамандығы;
– Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы (2007)
 «Фармация» мамандығы;
«ҚДЖСМ» Қазақстан медициналық университеті (2018)
Денсаулық сақтау магистрі;
«Тұран-Астана» университет (2020)
 «Құқықтану» мамандығы.
Ғылыми атақтары, дәрежелері:
– Медицина ғылымдарының кандидаты, диссертация таққырыбы: «Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда қан қызметін жетілдіру» (2003);
– Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Н.И.Пирогов атындағы Ұлттық медициналық-хирургиялық орталығының докторанты.

Еңбек өтілі:

  • 1996-1998 жж.– Қалалық клиникалық жедел медициналық көмек ауруханасының дәрігері, Алматы қ.;
  • 1998-1999 жж.– Республикалық Апаттар медицинасы орталығының дәрігері Алматы қ.;
  • 1999-2000 жж.– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігініңбас маманы, Білім және ғылым басқармасы;
  • 2000-2001 жж.– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері агенттігінің дәрілік саясат, Медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы;
  • 2001-2002 жж.– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп және ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу бөлімінің бастығы;
  • 2002-2004 жж.– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп және дәрілік саясат басқармасының бастығы;
  • 2005-2007 жж.– «Актюбрентген» АҚ кеңесшісі;
  • 2007-2008 жж.– Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
  • 2008-2011 жж.– Денсаулық сақтау басқармасының «Қан орталығы» ШЖҚ МКК директоры, Астана қ.;
  • 2011-2019 жж.– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК директоры;
  • 2019-2021 жж.– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы» ЖШС Басқарма төрағасы;
  • С 22.01.2021 ж. –Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі.

Карибаева Мамыр Қуанышқызы

Лауазымы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының бас сарапшысы.
Туған күні: 31.08.1970 ж.
Туған жері: ҚазКСР, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылы.
Тілдерді меңгеруі: Қазақ, орыс (еркін), ағылшын (сөздікпен).
Білімі, мамандығы (біліктілігі):
Қазақ қыздар педагогикалық институты (1993)
«Ұлттық мектептегі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы;
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университеті (2003)
«Экономист» мамандығы.

Еңбек өтілі:

  • 1987 ж. – ҚазКСР 40 жыл атындағы орта мектептің хатшысы машинисі, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Байқадам ауылы;
  • 1987-1988 жж.– К.Дихан ЖМ орыс тілі пәні мұғалімі, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Байқадам ауылы;
  • 1993-1994 жж.– № 10 орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі, Алматы қ.;
  • 1994-1998 жж.– № 10 орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі, Алматы қ.;
  • 2000-2001 жж.– Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс басқармасының құжаттаманы есепке алу бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушы, жетекші маманы;
  • 2001-2002 жж.– Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс басқармасының ведомстволық актілерімен жұмыс бөлімінің жетекші маманы;
  • 2002-2008 жж.– Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Республикалық мемлекеттік меншік объектілерін сатуды ұйымдастыру басқармасының Республикалық мемлекеттік меншік объектілерін сату бөлімінің бас маманы;
  • 2008-2010 жж.– Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің қызметін ұйымдастыру басқармасының сарапшысы;
  • 2010-2014 жж.– Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Республикалық меншік объектілерін сату және жекешелендіруден кейінгі бақылау басқармасының сарапшысы;
  • 15.08.2014 ж. бастап – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының бас сарапшысы.

Қалиев Әсет Әскерұлы

Лауазымы:Директорлар кеңесінің мүшесі, «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы-Ректоры.
Туған күні: 01.01.1974 ж.
Туған жері: ҚазКСР, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қарабұтақ ауылы.
Отбасылық жағдайы: Үйленген.
Тілдерді меңгеруі: Қазақ, орыс, ағылшын.
Білімі, мамандығы (біліктілігі):
– Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясы (1997)
 «Хирург-дәрігер» мамандығы;
Марат Оспанов атындағы АММИ госпитальдық хирургия кафедрасының аспиранты (1999-2002)
– Марат Оспанов атындағы БҚММА госпиитальдық хирургия кафедрасының ассистенті (2005-2008)
Ғылыми атақтары, дәрежелері:
– Медицина ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: «Кардиалды ахалазия кезіндегі лапароскопиялық эзофагокардиомиотомияны әзірлеу және кешенді салыстырмалы бағалау» (2010).

Еңбек өтілі:

  • 1997-1999 жж.– Госпитальдық хирургия кафедрасының клиникалық резиденті
  • 1999-2002 жж.– Марат Оспанов атындағы АММИ госпитальдық хирургия кафедрасының аспиранты;
  • 2002-2005 жж.– Қабылдау бөлімшесінің хирургі, Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасының хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі;
  • 2005-2008 жж.– Марат Оспанов атындағы БҚММА ауруханалық хирургия кафедрасының ассистенті;
  • 2008-2011 жж.– Емдеу-профилактикалық жұмыс бөлімінің бас хирургі;
  • 2011-2013 жж.– Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының емдеу-алдын алу жұмысы бөлімінің басшысы;
  • 2013-2014 жж.– Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары;
  • 2014-2020 жж.– «Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы;
  • 2020-2022 жж.– Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы;
  • 09.2022 ж. бастап – «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы-Ректоры.

Директорлар кеңесінің құрамы
“Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті” коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 5 қазандағы №872 бұйрығына сәйкес “Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті” коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамы 5 (бес) адам санында айқындалды. Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі – 3 (үш) жыл.
“Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті” коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 16 қарашадағы №6 шешімі негізінде:
Директорлар кеңесінің төрағасы болып Рахыпбеков Төлебай Қосиябекұлы сайланды;
“Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті” коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 16 қарашадағы №6 шешімі негізінде:
Директорлар кеңесінің корпоративтік хатшысы болып Асылбек Бейбітшлікұлы Тұрымов тағайындалды. Өкілеттік мерзімі тағайындалған күннен бастап 3 (үш жыл) болып белгіленді.