Стратегиялық даму департаменті

Стратегиялық даму департаментінің құрамына стратегиялық даму бөлімі және сапа менеджмент жүйесі бөлімі кіреді.Стратегиялық даму департаменті қызметінің негізгі мақсаты:

– университеттің даму стратегиясын, университет қызметінің барлық бағыттары бойынша оның сапа саласындағы миссиясы мен саясатын орындау;- университеттің стратегиялық даму бағыттарын айқындау, университеттің ұлттық және әлемдік рейтингтерге қатысуын қамтамасыз ету;

– ЖОО аккредиттеуге дайындау.

Стратегиялық даму департаменті стратегиялық даму, ғылым және халықаралық серіктестік жөніндегі проректорге бағынады және университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерімен өзара жұмыс жасайды.

Стратегиялық даму департаментінің басшысы медицина ғылымдарының кандидаты К. Б. Құрманғалиев болып табылады.

Байланыс мәліметтері: Е-mail strateg@zkgmu.kz; тел: +7 (7132) 54-42-89