Үздіксіз кәсіби дамыту орталығы (ҮКДО) 2011 жылы құрылды. ҮКДО университет оқытушылары мен медицина қызметкерлерінің педагогикалық және кәсіби тілдік дағдыларын дамытады, білімді инновациялық технологиялар арқылы беруді насихаттап, сабақ жүргізу сапасын бақылайды, сонымен қатар докторанттар, магистранттар мен резиденттерге жалпы профильді білім береді.

ҮКДО-ы жетекшісі, м.ғ.к., доцент м.а.Кашкинбаева Алима Робертовна, дәлелді медицина және биостатистика бойынша сертификатталған маман, негізгі құзыреттілік бойынша дәрігерлерге арналған бірыңғай «Пациенттерге бағытталған медициналық көмек және дәлелді тәжірибе» бағдарламасымен үйретуші тренер. 2013 жылы ол отбасылық дәрігерлердің халықаралық конференциясына (WONCA) қатысты. Коммуникативтік дағдылар тренер-сарапшысы. Университеттің Стратегиялық жоспарына сәйкес қосымша білім беру бойынша дәрігерлерге арналған 216 сағат көлемінде «Балалар неврологиясының өзекті мәселелері» бағдарламасын әзірледі. Цикл тыңдаушылардың күндіз және қашықтан оқуын қамтиды. әзірледі. біліктілігін арттыру циклі әзірленді.

2011-2017 жылдар аралығында Орталықты м.ғ.к, доцент Жамалиева Лаззат Манбетжанқызы басқарды: Қазақстан отбасылық дәрігерлер ассоциациясының мүшесі, отбасылық медицина (Ұлыбритания) шебер тренері, дәлелді медицина және биостатистика, медициналық білім маманы. Отбасылық дәрігерлердің халықаралық (WONCA, 2004, 2012, 2015), халықаралық клиникалық нұсқаулар бірлестігі (GIN) конференцияларының (2012) қатысушысы. Негізгі құзыреттілік бойынша дәрігерлерге арналған бірыңғай «Пациенттерге бағытталған медициналық көмек және дәлелді тәжірибе» бағдарламасымен жаттықтырушы (тренер) курсын өтті.