Құрметті әріптестер!

«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті» КЕАҚ 2023 жылға арналған білім алушылардың ғылыми-техникалық жобаларын гранттық қаржыландыруға конкурс жариялайды, оны жүзеге асыру мерзімі 12 ай, университеттің өз қаражатынан келесі бағыттар бойынша қаржыландырылады:
“Ауылдық практикалық денсаулық сақтауға медициналық көмек көрсетудің ғылыми негіздемесі”:
- Ауылдық жерлердегі тұрғындар арасында онкопатологияның алдын алу мен ерте диагностикалаудың заманауи қағидаттарын енгізу.
- Ауылдық елді мекендердегі кардиологиялық науқастарда медициналық оңалту әдістерін енгізу.
- Ауыл тұрғындарындағы инсульттің негізгі қауіп факторларын талдау.
- Ауыл әйелдеріндегі жүктілікті басқару принциптеріне көзқарастардың ерекшеліктерін негіздеу.
- Ауылдағы балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтаудағы заманауи медициналық-әлеуметтік технологиялар.
Конкурстық өтінімдер « Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КЕАҚ –на, электрондық түрде поштаға Nirszkmu@gmail.com және қағаз түрінде студенттік ғылыми қоғам және жас ғалымдар кеңесі бөліміне, бас корпус, 202 кабинет, 1 оқу корпусы 205 кабинетке тапсырылады.
Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 87718421280, Қарлығаш Спабекқызы.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2023 жылғы 15 ақпаннан бастап. Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі – 2023 жылғы 15 сәуір (қоса алғанда).