«Қаржыгерлер» күніне орай 2022 жылдың 18 қараша айында өтетін студенттер мен жас ғалымдарға арналған халықаралық конференция

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Қаржы және есеп» кафедрасы «Қаржыгерлер» күніне орай студенттер мен жас ғалымдарға арналған халықаралық конференция өткізеді. Конференцияға қатысуға Қазақстан мен ТМД елдерінің студенттері мен жас ғалымдары шақырылады. Конференция тақырыбы – «Қазақстанның қаржы нарығындағы цифрлық трансформация: тенденциялары мен перспективалары». Конференцияның жүргізілу тілдері – қазақ, орыс, ағылшын тілдері. Қатысушылардың баяндамалары конференцияның секциялық мәжілісінде 2022 жылдың 18 қарашасында сағат 15.00-де тыңдалатын болады.

Конференция шеңберінде секция жұмыстары мына бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
1. Криптовалюталар: Қазақстандағы проблемалар мен даму перспективалары
2. Қазақстан Республикасындағы киберқылмыс және киберқауіпсіздік стратегиялары
3. Қазақстан Республикасындағы қаржылық технологиялар мен қолмақол ақшасыз төлемдердің дамуы
4. Fintech – қаржы секторындағы сандық технологиялар
5. Қазақстандағы қаржылық экожүйенің дамуы
6. Салық салудағы цифрлық технологиялар: эволюция және Қазақстандағы негізгі даму тенденциялары
7. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығын цифрландыру: проблемалары мен даму перспективалары
Конференцияға қатысумен байланысты мақаланы жариялау үшін төлемақы алынбайды. Конференция материалдарының тезистері жеке жинақтар түрінде басылып шығарылады. Мақалаларды конференция ұйымдастырушысы 2022 жылдың 15 қарашасына дейін қабылдайды.
Тезистер (мақалалар) төмендегідей тәртіппен рәсімделуі тиіс:
 көлемі 3 бетке дейін;
 Windows 98/2000/XP бағдарламасы; Microsoft Word 2003;
 беттің параметрлері: жоғарғы жол – 2 см., төменгі жол – 2 см., сол жақ – 2 см., оң жағы 2 см.;
 қаріп Times New Roman, қаріп өлшемі – 12 pt;
 жоларалық интервал 1; абзацтық шегініс – 1 см; кітаптық бағдарлау; бет колонтитулдары және қоюларсыз; мәтін ені бойынша тегістелген;
 тезис пен мақаланың түпнұсқалығы Antiplagiat.ru жүйесінде 85%-дан төмен болмауы керек, материалдар электрондық пошта арқылы қабылданады: zhumadilova_tolkyn@mail.ru
Конференция оргкомитетінің мекен-жайы мен байланысы:
Қазақстан Республикасы, 050040, г. Алматы, әл-Фараби даңғылы, 71.
Барлық ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша жауапты тұлғалар:
Сырлыбаева Назгуль Шеңгелбаевна – экономика ғылымдарының кандидаты, 8-701-438-09-35
Асилова Айжан Сарсеновна – экономика ғылымдарының кандидаты, 8-747-373-93-26
Жумадилова Толқын Бексултановна – жауапты хатшы, 8-707-906-04-41.
Жариялануға арналған мақалаларды таңдауды ұйымдастыру комитеті шешеді.

Ақпараттық хат