Бос білім беру гранттарына конкурс жарияланады

Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарына өту үшін ақылы негізде білім алатын студенттер арасында конкурс жарияланады. Конкурсқа ақылы бөлімде оқитын барлық студенттер автоматты түрде қатыстырылады. Платонус бағдарламасынан барлық ақылы бөлімде оқитын студенттердің GPA баллы алынады, сол себепті ешқандай құжат тапсыру қажеттілігі жоқ. Барлық ақылы негізде оқитын студенттер арасынан ең жоғары GPA балл жинаған студенттер таңдап алынады.

Қазіргі сәтте білім беру гранттарына бос орындар мыналар:

3 курс – 1 орын «Жалпы медицина» мамандығы (қазіргі 2 курс)

4 курс – 1 орын «Жалпы медицина» мамандығы (қазіргі 3 курс)

Қалған курстар бойынша бос орындардың болмауына байланысты конкурс болмайды.