“Шашыранды склерозды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері”

2022 ж. 9 маусымында М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің неврология кафедрасы жоспарға сәйкес практикалық денсаулық сақтау дәрігерлері мен резидент-неврологтарға арналған “Шашыранды склерозды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері” тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Іс-шара “Дүниежүзілік шашыранды склерозбен күресу күніне” және М. Оспанов атындағы БҚМУ-нің 65 жылдығына арналды.

Баяндамашылар – неврология кафедрасының профессоры Кабдрахманова Г.Б. және неврология кафедрасының доценті, PhD Хамидулла А.А.- семинар барысында осы патологияны диагностикалау мен емдеудің заманауи аспектілерін ұсынды. Семинардың мақсаты: шашыраңды склерозбен ауыратын науқастарға көмек көрсетуді жақсарту, дәрігерлерді қазіргі кезеңде шашыраңды склерозды емдеудің уақтылы диагностикасы және қол жетімді әдістері туралы хабардар ету. Ақтөбе қаласындағы шашыранды склероз кабинетінің жұмысы туралы ақпарат ұсынылды.

Сондай-ақ, емханалар дәрігерлерінің күнделікті тәжірибеде кездесетін қиындықтары және оларды шешудің мүмкін жолдары талқыланды. Дәрігерлер осы тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, мәселелерді шешудің өз нұсқаларын ұсынды. Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар берілді.