Назар аударыңыз, БАЙҚАУ!

 «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ-ы «Отан қорғаушылар күнін» мерекелеу аясында ерлерге арналған «Менің хоббиім» атты онлайн-байқау жариялайды.

Байқау шарттары:

Өзіңіздің хоббиіңіз туралы ұзақтығы 1 минуттан аспайтын бейне (видео) жіберу және ол туралы сипаттау немесе айту.

Байқауға университеттің ниет білдіруші барлық ер-қызметкерлері қатыса алады.

Байқау материалдары hr@zkmu.edu.kz электрондық поштасына  2022 жылдың 05 мамырда сағат 12-00ге дейін жіберілуі тиіс.

Байқауға түскен материалдар университеттің әлеуметтік желілерінің ресми беттерінде жарияланады.

Байқау жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ естелік сыйлықтармен марапатталады