Сапарбаев Самат Сағатұлы
Стратегиялық даму, ғылым және халықаралық серіктестік жөніндегі проректор, Басқарма мүшесі. Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 23 маусымдағы №4 шешімімен тағайындалды
Сапарбаев Самат Сағатұлы – «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ стратегиялық даму, ғылым және халықаралық серіктестік жөніндегі проректоры, Басқарма мүшесі, медицина ғылымдарының кандидаты.
1980 жылы 24 шілдеде Алматы облысы КазЦИК ауылында дүниеге келген, қазақ.
1998 жылы Новосібір мемлекеттік медицина академиясына «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2004 жылы ЖОО аяқтаған.
Қазіргі таңда Almaty Management Univercity денсаулық сақтау және іскерлік әкімшілендіруді ұйымдастыру факультетінде білім алып жатыр.
Еңбек жолын 2002 жылы Новосибирск қаласындағы №2 қалалық клиникалық ауруханада мейіргер болып бастады.
2003-2004 жылдары №25 қалалық клиникалық ауруханада жалпы хирургияның интерн дәрігері болып жұмыс жасады.
2006 жылы – Алматы облысы Іле аудандық орталық ауруханасында хирург дәрігер.
2006 жылдан бастап 2008 жылға дейін ғылыми қызметкер, кейін Астана қаласы Қазақ мемлекеттік медицина академиясында аға ғылыми қызметкер лауазымын атқарды.
2008 жылдан 2009 жылға дейін «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ аға ғылыми қызметкер.
2010 жылдан 2012 жылға дейін «Астана медицина университеті» №3 хирургиялық аурулар кафедрасының доценті, профессор.
2010 жылдан 2020 жылға дейін феталдық жасушаларды транспланттау бөлімінің жетекшісі, «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ Жасушалық технология орталығының аға үйлестірушісі.
Тағайындауға дейін Астана медицина университетінде хирургиялық аурулар кафедрасының доценті болып жұмыс жасады.
Медициналық қызметті жүзеге асыру және клиникалық практикаға жіберу үшін «Жалпы хирургия (торакалды, абдоминалды, трансплантология, колопроктология)» мамандығы бойынша маман сертификаты бар.
Хирургия, регенеративті медицина, трансплантология саласында 60-тан астам ғылыми жарияланымдардың авторы, оның ішінде 7-еуі Scopus және Web of Science индекстелетін басылымдарда.
2012 жылы «Денсаулық сақтау үздігі» марапатына, 2015 жылы басқару процесіне қосқан жеке үлесі үшін, еңбектегі аса үздік жетістіктері үшін, рационалды тұрғыдан міндеттерді шешу, өз ісіне берілгендігі және кәсібилігі үшін марапаттарына ие болды, Ұлттық бизнес-рейтингілер халықаралық рейтингтік одағы негізінде «Жыл маманы 2015» ұлттық сертификатымен марапатталды.