Мусин Надиар Маратұлы

Клиникалық жұмыстар жөніндегі проректор, Басқарма мүшесі. «БҚМУ» КеАҚ ДК 2019 жылғы 13 желтоқсандағы №8 шешімімен тағайындалды

Мусин Надиар Маратұлы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры, Басқарма мүшесі.

1980 жылы 12 маусымда Семей қаласында туған, қазақ. 1997 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясына түсіп, 2003 жылы «Дәрігер» мамандығы бойынша үздік аяқтады. 2017 жылы Сеул Ұлттық Университетін (РhD докторантура күндізгі) «Хирургия, трансплантология» мамандығы бойынша аяқтады.

Медицина ғылымдарының кандидаты, «Хирургия, трансплантология» мамандығы бойынша РhD докторы, «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар. Хирургия, онкология, трансплантология, клиникалық фармакология, медициналық білім саласында 50-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы.

Еңбек қызметін 2004 жылы Семей қаласы госпитальді хирургия кафедрасының ассистенті болып бастады, 2010 жылдан бастап «Астана медицина университеті» АҚ интернатура бойынша хирургия кафедрасының ассистенті болып жұмыс жасады. 2014 жылдан бастап Нұрсұлтан қаласындағы «№1 қалалық ауруханасында шұғыл көмек көрсету жөніндегі бөлімшені меңгерді, хирургия бойынша бас консультант болып жұмыс жасады.

2017 жылдан бастап инновациялар және медициналық туризм жөніндегі медициналық директор, «Ақтөбе медицина орталығының» инновациялар және медициналық туризм бөлімінің басшысы лауазымын атқарды