Исмагулова Эльнара Кереевна

Оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор, Басқарма мүшесі «БҚМУ» КеАҚ ДК 2019 жылғы 13 желтоқсандағы №8 шешімімен тағайындалды

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры, Басқарма мүшесі

Исмагулова Эльнара Кереевна – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры, Басқарма мүшесі.

1963 жылы 18 қаңтарда Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) туған, қазақ. 1980 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтына оқуға түсіп, 1986 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтады.

Медицина ғылымдарының докторы, «Ересектер оториноларингологиясы» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар, оториноларингология және онкология саласында 120-дан астам ғылыми жарияланымдардың авторы.

Еңбек қызметін 1987 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде ЛОР аурулары кафедрасының ассистенті қызметін қоса атқара отырып, Ақтөбе қаласындағы №2 облыстық клиникалық ауруханасында оториноларинголог дәрігер болып бастады.

2002 жылдан бастап 2007 жылға дейін ЛОР аурулар бөлімшесін басқарды, 2007 жылдан бастап оториноларингология курсы бойынша жауапты.

2017 жылдан бастап 2019 жылғы желтоқсанға дейін оториноларингология, офтальмология кафедрасына жетекшілік етті.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Медицина ғылымдарының докторы, Қауымдастырылған профессор.